2013 жылғы 26-сәуір күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Төле би – қазақтың данагөй абызы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.


2013 жылғы 26-сәуір күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Төле би – қазақтың данагөй абызы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.

IMG_60272

Аталмыш конференция жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында, қазақ халқының ұлттық бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда айрықша еңбек етіп, елеулі үлес қосқан әйгілі үш бидің бірі Әз Төле бидің 350 жылдық мерейтойына орай өткізілді.

Бұл конференцияның өткізілуі ҚарМТУ-дың «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстан 2050»Стратегиясын іске асыруға қосқан үлесі болуымен қатар, Университеттің 60 жылдығымен астасты.

Конференцияға Ғ.Есім (ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі), С.Дәуітов (фил.ғыл.док., профессор, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты), Д.С.Раев (филос.ғыл.док.,  профессор,  Абылай хан атындағы ХҚ және әлем тілдері университеті), С.М.Сыздықов

(тарих ғыл. док., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), М.А.Алпысбес (тарих ғыл.док., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Қ.Ү.Әмірқұлов, Төле би ұрпағы, «БТА-Банк» АҚ Қарағанды филиалының Бас директоры, А.С.Сүгірәлиев (Төле бидің ұрпағы),  Төле бидің жетінші ұрпағы Өмірбек Темірбекұлы, Ж.У.Ізбасаров (Төле бидің ұрпағы, «Төле би» қоры президенті), М.Ә.Амангельдиев (Төле бидің ұрпағы, жазушы),  сынды Қазақстанның қоғамдық ғылым саласында танымал ғалымдар мен белгілі саясаткерлер, оқытушылар, магистранттар және орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысты.

IMG_6026 26,04,2013

Без рубрики