ОӘҚ қызметі
Оқу-әдістемелік жұмыс- ЖОО білім беру процессінің маңызды бөлігі болып табылады. Оған мамандарды даярлау сапасы тәуелді болып табылады.
Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі басымдылығы оқу процесінің нормативті-құқықтық қамтамасыз етуін қалыптастыру болып табылады. Жоғары және жоғарыдан кейінгі мамандықтардың мемлекеттік білім беру стандарттарын және барлық білім беру бағдарламаларының негізі болып табылатын типтік оқу бағдарламаларын құру кезінде бұл құжаттардың маңыздылығы зор.
Бұл күрделі әрі жауапты жұмысты Қарағанды техникалық университет көп жылдар бойы орындап келе жатыр.
ҚР БҒМ 31.07.2009 ж. № 367 бұйрығына сәйкес ҚарТУ негізінде Республикалық оқу- әдістемелік кеңесінің (РОӘК) Оқу-әдістемелік секциясы (ОӘС) құрылды. Ол өз кезегінде ҚР БҒМ 14.01.2011 ж. № 14 бұйрығы арқылы бекітілген жоғары және жоғарыдан кейінгі білімінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі бойынша Ережеге сай жұмысын жасайды. Университеттің авторлық ұжымдары РОӘК бөлімінің белсенді қатысуымен 2009 жылдың мамандықтардың классификаторына сәйкес жаңа ұрпақтың мемлекеттік стандаттарын жобалау бойынша жұмыс орындады.