Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жатақханасындағы ішкі тәртіп Ережелері


1. Жалпы ережелер

1.1 Берілген Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жатақханасындағы ішкі тәртіп ережелері студенттік жатақханада тұратын барлық студенттер орындауға міндетті жергілікті нормативті акт болып табылады.
1.2 Шетелдік білім алушыларды (студенттер, магистранттар, докторанттар, тыңдаушылар) ҚарМТУ (ары қарай Университет) жатақханасына орналастыру тәрбие жұмысы бойынша проректордың, факультет деканы және жатақхана әкімшілігі қол қойған өтініш бойынша жүргізіледі.
1.3 Жатақханаға орналастыру барысында білім алушы және университет арасында 2 нұсқадағы жатақхана әкімшілігінен тұрғын орынды жалға алу туралы Келісім жасалады.
1.4 Жатақханаға орналасушы әкімшілікке жатақханадан орын беру туралы өтініш, тұрғын орын жалдау туралы келісім, жеке куәлік, санитарлық тексерістен өткені туралы анықтама, ақысын өтегені туралы түбіртек тапсыруы қажет.
1.5 Жатақханаға орналасушы аталмыш Ережені оқуы тиіс, Университеттің ҚТ бойынша инженері өткізетін қауіпсіздің техникасы бойынша нұсқамадан өтуге міндетті.

2. Жатақханада тұрушылардың құқықтары мен міндеттері

2.1 Жатақханада тұрушылар құқығы бар:
2.1.1 оқу, мәдени- тұрмыстық және спорттық- сауықтандыруға арналған бөлмелерді, жатақхана жабдықтары мен мүлкін пайдалануға;
2.1.2 жатақхананың өзін-өзі басқару органдарына тағайындап және тағайындалады, олардың жұмысына қатыса алады;
2.1.3 студенттік кеңес арқылы тұрғын үйдің тұрмыстық қамтамасыз етілуі, тәрбие жұмыстары мен бос уақыттың ұйымдастырылуы, тұрғын орындарды, жеке жұмыстарға арналған бөлмелерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және безендіру сұрақтарын шешуге қатыса алады.

2.2 Жатақханада тұрушылар міндетті:
2.2.1 орналаспас бұрын бір семестр ішінде тұру төлемақысының түбіртегін беруге, блок және бөлме кілттерінің көшірмесін жасатқансын, екі күн ішінде жатақхана әкімшілігіне қосымша кілттерді қайтаруға;
2.2.2 жатақханада тұру үшін төлемақыны жылына екі рет жасау, оқу жылы басталғанға дейін, жатақхана әкімшілігіне және факультет деканатына төлеу туралы түбіртекті тапсыруға (көшірмесін);
2.2.3 жатақхананың бөлмелеріне, құрал- жабдықтарына және мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, ҚР заңнамасына сәйкес өзіне жеке қолданысқа берілген мүлікке материалдық жауапкершілікті алуға;
2.2.4 жоғалған немесе құртылған мүлік пен құрал- жабдықтардың құнын төлеуге, университетке келтірілген басқа да залалдардың ақысын өтуге;
2.2.5 өз күшімен және өз есебінен тұрғын орынның және ортақ қолдану орындарының жөндну жұмыстарын жасауға қатысуға;
2.2.6 Университет өкілін тұрғын орынның техникалық жағдайын, ондағы санитарлық- техникалық және басқа да жабдықтарды тексеру үшін және басқа да жұмыстарды атқаруға кіргізуге;
2.2.7 тұрғын орында, оның ішіндегі жабдықтарда немесе байланыстардағы ақаулар тапса тез арада олардың алдын алу шараларын қолданып, міндетті түрде жағдайды датақхана әкімшілігіне ждеткізуге;
2.2.8 тұрғын орынның тиіти санитарлық- техникалық тазалығын қадағалау, бекітілген график бойынша тұрғын орындарында және жалпы қолданыстағы жерлерде, қызметкерлердің орындарында және тұратын бөлмелерінде дымқыл тазалық жұмыстарын жүргізуге. Тазалық графигтері ситуденттік кеңес төрағасымен қабат старосталары құрылады және жатақхана әкімшілігімен келісіледі;
2.2.9 санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға, кірленуіне байланысты төсек- орынын (сейсеп, ақ жайма, жастық тысын) 7 күнде бір реттен кем емес ауыстыруға;
2.2.10 электр қуатын және суды үнемдеп жұмсауға;
2.2.11 рұқсат етілген тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану бойынша нұсқауларды сақтауға;
2.2.12 студенттік жатақхана туралы Жарғы, Тәртіпті, берілген Ережені, Университеттің басқа да жергілікті актілерін, Қауіпсіздік техникасы ережелерін, тұрғын орынын жалға алу туралы келісімге сақтауға;
2.2.13 сағ 23:00-ден 6:00-ге дейін жатақханада тыныштық сақтауға;
2.2.14 жатақханада тұру ережелерін бұзғандығы үшін жатақханадан шығаруға өтініш беруге құқылы қабат старосталарының, Студенттік кеңестің және студенттік жатақхана әкімшілігінің тапсырмаларын орындауға;
2.2.15 жатақханада өткізілетін жиналстарға келуге;
2.2.16 хабарлама тақтасындағы ақпаратты күнде қарауға. Қабат старосталарына студенттерге барлық ақпартты жеткізіп отыруды жүктеу;
2.2.17 тұрғын орынды жалға алу туралы келісімге сәйкес жатақханадан шығарылған кезде (сонымен қатар демалысқа кеткенде) бөлмені және өзіне бекітілген барлық төсек жабдықтарын тапсыпсыруға.

2.3 Жатақханада тұрушыларға тыйым салынады:
2.3.1 бөтен біреуге өз рұқсаттамасын беруге және бөгде адамдарды қонуға қалдыруға;
2.3.2 жатақханада ішімдік ішуге және/ немесе мас және есірткі қолданған күйде келуге;
2.3.3 дәрігердің белгілеуінсіз есірткі заттарын немесе психотропты дәрілерді қабылдауға, есірткі және психотропты дәрілерді сақтауға, таратуға;
2.3.4 жатақхана территориясына қару, соның ішінде пневматикалық, зақымдаушы және суық қару әкелуге, сақтауға және қолдануға;
2.3.5 «Діни іс- әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы» заңмен тыйым салынған діни жиналыстар мен іс- шаралар ұйымдастыруға;
2.3.6 тұрғын бөлмелері мен ортақ қолданыстағы жерлерде темекі шегуге (соның ішінде кальян);
2.3.7 бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетімен ауысуға;
2.3.8 өз бетімен бір бөлмеден екінші бөлмеге мүлік ауыстыруға;
2.3.9 электрөткізгіштерді қайта жасауға және жөндеуге;
2.3.10 тұрғын бөлмелері мен жалпы қолданыстағы жерлерде қосымша электржылытқыш құралдырын орнатуға;
2.3.11 радиоқабылдағыштарды, үнжазбаларды, теледидарларды бөлмеден тыс естілетін дауыс қаттылығында қосуға;
2.3.12 бөлме есігіне және ортақ қолданыстағы, арнайы орындардан басқа, жерлерге хабарландырулар, кестелер, суреттердің көшірмесін және т.б жабыстыруға;
2.3.13 тұрғын бөлмелердің есігіне өздігінен құлып орнатуға немесе есікте орнатылған құлыптарды ауыстыруға;
2.3.14 өз бетімен жиһазды қайта құруға немесе орынын ауыстыруға, қоршаулар жасауға;
2.3.15 студенттік жатақханада жануарлар ұстауға;
2.3.16 өз бетімен би кештерін, дискотекалар және басқа да көпшілік қатысатын іс- шаралар ұйымдастыруға;
2.3.17 терезеден қоқыс және т.б. заттар тастауға;
2.3.18 Ттбеге шығуға, шатырға көтерілуге, терезе алды тақтайында тұруға және отыруға;
2.3.19 23:00 — 6:00 аралығындағы түнгі уақытта тамақ істейтін тұрмыстық бөлмелерді қолдануға.

3. Берілген Ережені бұзған үшін жауапкершілік

3.1 Берілген Ережені бұзған үшін жатақханада тұрушыларға Университет бекіткен тәртіп бойынша әлеуметтік, әкімшілік ықпалдар, ҚР заңнамасына және Университеттің жергілікті актлеріне сәйкес тәртіптік және басқа да жазалар қолданылуы мүмкін.
3.2 Берілген ережені бұзған үшін жатақханада тұрушыларға келесі тәртіптік жазалар қолданылады:
3.2.1 ескерту;
3.2.2 сөгіс;
3.2.3 жасалған келісімшартты бұзу бойынша жатақханадан шығару.
3.3 Тәртіптік жаза теріс қылық байқалғаннан кейінгі бір айдың ішінде қолданылады (студенттің ауыруы және демалыста болған кезін есептемегенде).

4. Жатақханадан шығару негіздемелері

4.1 Тұрып жатқандар университет жатақханасынан келесі жағдайларда шығарылуы мүмкін:
4.1.1 тұрғын орынын мақсатына байланысты қолданбау;
4.1.2 тұрып жатқан аджамдардың немесе олар жауапты басқа азаматтардың тұрғын орынды қиратуы немесе бұзуы;
4.1.3 тұрып жатқан адамдардың келген орыны бойынша тіркелуден бас тартуы;
4.1.4 тұру төлемақысы бойынша келесімшартты бұзу;
4.1.5 тұрып жатқан адамдардың әкімшілікті жазба түріндегі хабардар етер хатсыз екі ай бойы жатақханада болмауы;
4.1.6 жатақханаға алкогольді ішімдік ішкен күйде келуі, жатақхана территориясында темі тартуы;
4.1.7 дәрігердің белгілеуінсіз есірткі заттарын немесе психотропты дәрілерді қабылдауы, есірткі және психотропты дәрілерді сақтауы, таратуы;
4.1.8 тұрып жатқан адамдардың жатақханада жарылғыш, химиялық қауіпті заттарды және қаруды сақтауы;
4.1.9 тұрып жатқан адамдардың ары қарай бірге тұруы мүмкін болмайтындай көршілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорлауы;
4.1.10 бір немесе бірнеше рет студенттік жатақхана туралы Жарғы, Тәртіпті, берілген Ережені, Университеттің басқа да жергілікті актілерін, Қауіпсіздік техникасы ережелерін, тұрғын орынын жалға алу туралы келісімді бұзуы;
4.1.11 білім алушының оқу мерзімі аяқталуы уақытынан бұрын берілген Ережені, Жарғыны және Ішкі еңбек және оқу тәртібі туралы ережені бұзғаны үшін университеттен шығарылуы;
4.1.12 тұрып жатқандардың өз өтініші бойынша;
4.1.13 оқу мерзімі аяқталғаннан кейін білім алушыны Университеттен шығарғаннан кейін;
4.1.14 ҚР заңнамасымен және Университет актілерімен қарастырылған басқа да жағдайларда.
4.2 Университет тәртібін өрескел бұзғаны үшін жатақханадан шыралыған студент, қайта жатақханаға қоныстана алмайды.
4.3 Жатақханадан шығарылу тәртіптік жаза ретінде студенттік кеңес және тәртіптік кеңеспен қарастырылып, ректордың бұйрығымен қолданылады.
4.4 Тұрғындарды Университет жатақханасынан шығару ҚР азаматтары үшін- бұйрық шыққаннан кейінгі үш күн ішінде, шетелдік азаматтар үшін- шығу визасы алнған күннен кейінгі 7 күн ішінде жүргізіледі.

Без рубрики