“Труды университета” журналындағы мақалаларды безендіру және ұсыну ережелері


“Труды университета” журналындағы мақалаларды безендіру және ұсыну ережелері

  Мақала редакцияға екі данада ұсынылады, ӘОЖ индексі көрсетіліп, аннотация орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде және файлдары бар дискета келтіріледі. Мақала көлемі 6 беттен кем емес және 10 беттен аспау керек. Мақала мәтіні бір интервал арқылы қағаздың бір жағынан А4 форматымен басылып, барлық жақтан 2 см болып, беттері нөмірленеді. Дискетадағы мәтінді Word 2003, 2007 редакторында Times New Roman шрифтымен басу керек, шрифт өлшемі (кегль) — 14. Суреттегі барлық әріптік белгілерді негізгі немесе сурет астындағы мәтінде түсіндіру керек. Келесі мазмұндамадағы сілтемесі бар формула мен теңдемелерді ғана нөмірлеу керек.

Компьютерлік графиканы қолдану ұсынылады. Суреттердің Word 97, Word 2003, Word 2007, т.е. CDR, JPG, PCD, TIF, BMP үйлесімді ұлғайтулар болуы мүмкін. Суреттерге Arial шрифты қолдану керек. Шрифт өлшемі (кегль) 14. Суреттердің сапасы жақсы болу керек. Таблицаларға Times New Roman шрфитын қолдану керек, шрифт өлшемі (кегль) 14.

Формулалар MathType немесе Equation формуляторында басылу керек. Мақалада қиын формулалар және теңдеулер болмау керек, әсіресе формулалық таблицалар мен аралық математикалық есептер. Формуладағы барлық қысқартулар мен шартты белгілерді түсіндіру керек, физикалық шамаларды СИ жүйесінде, шетел фирмалар, олардың өнімдері мен құралдарды – мемлекет белгілеумен түпдерек транскрипциясында көрсету керек.

Әдебиет тізімі (тек мақаламен тығыз байланысты) цитаталау тәртібінде және мақала аяғында беріледі. Мәтіндегі әдебиетке сілтемелер реттік сандармен квадрат жақшасымен белгіленеді [1, 2]. Әдебиет тізіміндегі авторлық куәліктер келесі жолмен жасалады: а.к.нөмірі, аты, және «Өнертабыс бюллтені» №.

Мақала аяғында жұмыс орындалған ұйымын, байланыс телефонын және электрондық поштаның көрсету керек.

Мақала барлық авторлармен ғылыми дәрежесін, жұмыс және үй мекен-жайын және телефон көрсетумен орындалу керек. Дұрыс орындалмаған мақалалардың жариялымы кешіктіріледі.

Мақала авторлық түрде болу керек, автор немесе авторлар тобының иесінде болу керек, авторлар саны бестен көп болмау керек. Журналдың бір нөмірінде бір автордың бір мақаласынан көп болмау керек. Айрықша жағдайларда редакциялық кеңестің шешімі бойынша бір автордың бірден көп мақалалары жариялану мүмкін.

Зерттеу түрдегі және ғылыми жаңашырлықтың элементтері бар мақалалар артықшылықта болады. Ғылыми зерттеулердің аналитикалық нәтижелерін экперименталдық мәліметтермен немесе еліктеу моделдеудің нәтижелерімен дәлелдеу керек.

Мақаланың ойы аяқталған болу керек, мақалада қарастырылатын сұрақтың ойын қысқаша көрсетіп, міндетін қойып, оның шешімінің әдістемесін нәтижелерін көрсетіп, корытынды және тұжырым жасап, әдебиет тізімін жазу керек. Мақалада басқа авторлардың (немесе Internet-тен) мәтін фрагменттері, сурет немесе графиктерді оларға сілтеме жасаусыз қолдануға тыйым салынады.

Мақаланы жариялау үшін қолға бір дана алумен 1800 теңге төлеу керек. Егер  мақалада авторы саны 2 немесе одан көп болса, жарияланымға екіден кем емес нөмір данаға төлем жасалады.

2 (екі) данада басылған мақала 7 сөйлемнен кем емес аннотациямен,  15-тен көп емес кілт сөздермен (сөз тіркестері емес), авторлар туралы мәліметпен толықтырылады. Барлық файлдар CD-дискқа жазылып, Центркредит банкінде, астыда көрсетілген ҚарМТУ есебіне мақалаға төлемақының түбіршегі салынады. Толық комплект ҚарМТУ РИО меңгерушісі – Искакова Роза Спартаковнаға (IV корп.,  ауд. 208) тапсырылады.

Мақала журналдың редакциялық кеңесінің бір мүшесіне рецензияға жіберіліп, мақұлдаған жауап жағдайында кезек тәртібінде жарияланады (әдетте жақындағы немес журналдың келесі нөмірінде).

Редакциямен хабарласу мекен-жайы:

Пошта мекен-жайы: 100027, Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, IV корп., ауд. 107, «Труды университета» журналының редақциялық кеңесінің жауапты хатшысы, т.ғ.д., ҚарМТУ ӨПА кафедрасының профессоры Фешин Борис Николаевич.

Адрес e-mail: b.feshin@kstu.kz, bfeshin@mail.ru

Тел.: 8-7212-56-53-25

ҚарМТУ реквизиттері:  

  

ҚР БҒМ «Қарағанды мемлекеттік техникалық университет» шаруашылық жүргізу құқығында Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

100027, Қарағанды, Бейбітшілік Бульвары 56

ИИК KZ638560000000147366

ЖШС «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ»

БИК KCJBKZKX

КБЕ 16

БИН 000240004524

РНН 301700030344

 

Без рубрики