МУРАВЬЕВ ОЛЕГ ПАВЛОВИЧ
Өмірбаяндық мәліметтері:
1956 жылы 6 тамызда Қарағанды қ. Жұмыскерлер отбасында дүниеге келген.
Қазақстан азаматы.
1978 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Машина жасау технологиясы, металл кескіш станоктар және құралдар» мамандығы бойынша инженер-механик біліктілігін алып тамамдады. 1978 жылдың желтоқсанынан 1985 жылға дейін «Машина жасау технологиясы» кафедрасының ассистенті. 1985 жылдан 1989 жылға дейін «Машина жасау технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы. 1989 жылдан 1992 жылға дейін «Машина жасау технологиясы» кафедрасының аспиранты. 1992-2002 жылдар аралығы «Машина жасау технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы.
2002 ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де 05.03.01 – Механикалық және физикалық-техникалық өңдеу технологиялары мен құрал-жабдықтары мамандығы бойынша «Механикаландырылған бекітпелердің штоктарын механикалық-гальваникалық өңдеуін тұрақтандыратын режимдерін әзірлеу және зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2003 ж. 15 мамырынан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Машина жасау технологиялары» кафедрасының доценті. Муравьев О.П. жұмыс істеген уақытта 140-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар, 3 монография, «ҚР БҒМ» таңбасымен 1 оқулық жарияланған, Қазақстан Республикасының 8 инновациялық патенті алынды.
2000 ж. ҚарМТУ-да ДЭЕМ-да жұмыс және жаңа компьютерлік технологияларды меңгеру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2007 жылы 05.02.00 – «Машина жасау және машина тану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
2008 жылы КФ «НацЭКС» АҚ базасында СМЖ сәйкестікті растау жөнінде біліктілігін арттырды.
2012 жылы «БҰТУ «Политехник» ғылыми-технологиялық паркі» (Минск қ., Беларусь Республикасы) Мемлекеттік кәсіпорны базасында конструкциялық аспаптық материалдар бөлшектеріне беріктендіруші және таттануға төзімді жабындарды жабу технологиясы бойынша тағылымдамадан өтті.
2015 жылы Назарбаев Университеті мен Пенсильвания Университетінде «ЖОО-да академиялық қызмет» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.
Ғылыми қызмет саласы — металдарды беткейлік иілгіш пішінге өзгерту, бөлшектер бетінің сапасын наножабын арқылы қамтамасыз ету, қиын өңделетін материалдарды электртүйіспелік өңдеу, металдарды кесу арқылы механикалық өңдеу.
2008-2015ж. аралығы қаржыландыру көлемі 180 млн. теңге 6 мемлекеттік бюджеттік ҒИҚ-тің (ҚР БҒМ гранттары) жауапты орындаушысы болды.
Қазіргі уақытта бакалавриат үшін: «Өндіру технологиясы», «Машина жасау технологиясы», «Жүйелік талдау», «Сынау, бақылау және өнімнің қауіпсіздігі» пәндері бойынша, магистранттарға: «Эксперимент нәтижелерін өңдеу және жоспарлау», «Прогресшіл өңдеу әдістері», «Машина жасауды дамытудың заманауи аспектілері», «Ғылыми қызмет негіздері» және т.б. пәндер бойынша дәріс оқимын. 6М071200 «Машина жасау» мамандығы бойынша 8 магистрант дайындадым.
6М071200 «Машина жасау» мамандығы бойынша 6 магистранттың ғылыми жетекшісімін.
2014 жылдың қазанынан ҚарМТУ Жобалық офисінің ИИДМБ-2 бойынша басшысының орынбасарымын. Менің қатысуыммен ИИДМБ-2 аясында бейінді магистратураның 2 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді және әлемдік деңгейдегі 2 ғылыми зертхана құрылды.
Ғылым департаментінің директоры. «Жоо-ның 2015 жылғы үздік оқытушысы» атағының иегері.
Қарағанды облысы әкімінің, Қарағанды қаласы қаласы әкімінің, ҚарМТУ ректорының алғыс және құрмет грамоталарын алдым.
Байланыс деректері
Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, бас корпус, 235 кабинет
Қызметтік телефон: 8(7212) 56-52-26
Ұялы телефон:87055033892, 87009230327
E-mail: oleg_m56@mail.ru