ЖОО кейін даярлау орталығы


 

ЖОО кейін даярлау орталығы

ЖОО кейін даярлау орталығы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдылығына бағынады.

ЖОО кейін даярлау орталығы өз қызметін келесі құжаттар негізінде атқарады:

ҚР «Білім беру туралы», «Ғылым туралы» заңдары, бұйрықтар, қаулылар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкімдері; ҚР ГОСО   5.04.033-2011 «ЖОО кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелері»; ҚР ГОСО 5.04.034-2011 «ЖОО кейінгі білім. Докторантура. Негізгі ережелері»; ЖОО оқитын адамдардың аралық және қорытынды аттестаттаудың, үлгерімділікті ағымды бақылауды өткізудің типтік ережелері; ғылыми қызметкерлерлерінің мамандықтар номенклатуасымен бірге PhD докторантура мамандықтарының ҚР жоғары және ЖОО кейін білім беру мамандықтарының классификаторына сәйкестігі, бұйрықтар, ректордың өкімі.

ЖОО кейін даярлау орталығының басты міндеттері:

—         Магистратура мен PhD докторантураны ашу бойынша лицензияны алу мақсатында құжаттарды дайындау;

—         Магистранттар мен PhD докторанттардың оқу процесін ұйымдастыру, қабылдау және тіркеу;

—         Университеттің оқытушы және ғылыми құрамының біліктілігін көтеруге, мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын жақсартуға қатысады;

ЖОО кейін даярлау орталығы негізгі міндеттерімен бірге келесі функцияларды да орындайды:

—         Магистратура мен PhD докторантураға қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

—         Магистранттар мен PhD докторанттардың дербес жоспарларының орындалуын бақылау.

—         Факультеттермен, кафедралармен, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілерімен байланыс жүргізу.

—         ҚР БҒМ мен білім және ғылым саласын бақылау Комитетімен байланысты жүзеге асыру.

ЖОО кейін даярлау орталығының ұжымы:

Давыдова Татьяна Ивановна

Қарағанды политехникалық институтында геология кафедрасында 1977 жылдың қаңтар айында жұмысын бастады. 1985 жылы ҚарПТИ-ді «Құрылысты ұйымдастыру және экономикасы» мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылдан бастап кеңестің ғылыми хатшысы ретінде еңбектенді. 1993 жылдан аспирантураның меңгерушісі. 2006 жылдан бастап  ЖОО кейін даярлау орталығының бастығы болып еңбектенеді. Қызмет жасау барысында ректораттың алғыс және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Умиртасова Карлыгаш Тасымовна

1981 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Тау-кен машиналары және кешендері» мамандығы бойынша аяқтады.

1981-1983 жылдары аралығында №21 техникалық училищесінде, 1981- 1998 жылдар аралығында «Стахановская» шахтасының техникалық бөлімінде тау-кен жұмыстары бойынша жетекші инженер ретінде жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ЖОО кейін даярлау орталығының инженері ретінде еңбектенеді.

Без рубрики