Басты


«Дәнекерлеу және құю өндірісі» кафедрасы кредиттік жүйе бойынша 5В071200 «Машина жасау» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайды.

Оқыту бағыттары:
— Дәнекерлеу өндірісінің технологиялары және жабдықтары;
— Құю өндірісінің машиналары

Кафедрада келесі жылдарға қойылған мақсаттар:
— Болондық процестің талаптарына сәйкес оқытушылардың біліктілігін арттыру;
— студенттердің тәжірибелік дайындығын күшейту;
— студенттерді қазіргі заманның дәнекерлеу жабдықтарын қолданып оқыту;
— Қазақстан өнеркәсіптерінде жұмыс істейтін дәнекерлеу жұмысшыларының біліктілігін арттыратын Оқыту орталықтарын құру. Кафедра жетістіктерінің бірі болып оның негізінде Қазақстан дәнекерлеу институтының құрылуы болып саналады. Кафедраның міндеті жаңа оқыту технологиясы негізінде оқытушының оқыту-әдістемелік қызметінің және кафедраның зертханалық негізінің үнемі жетілдіру барысында жұмыс берушілердің қойған талаптарына сай жоғары білікті дәнекерлеу өндірісінің мамандарын даялау болып табылады.

Без рубрики