Тау-кен факультетінің деканы


Аты-жөні, туған жылы: Жолмағамбетов Нұрбек Рыспекұлы, 14 шілде 1974 жылы туған.

Жалпы жұмыс өтілі ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі 20 жылдан астам.

Қандай ЖОО, қашан және қандай мамандық бойынша бітірген: Қарағанды политехникалық институтының «Жүк көтеру, транспорт-құрылыс, жол машиналары және жабдықтары» 1995ж.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: 

26.03 «Өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, 2007ж.;

2011 жылы 05.26.00 «Адам қызметінің қауіпсіздігі» ғылыми бағыты бойынша доцент ғылыми атағын алды.

 

Бөлімдердегі жұмысы, оның ішінде атқарған жұмысы мен лауазымдары:

Жолмағамбетов Нұрбек Рыспекұлы еңбек жолын 1995 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы өндірістік-жол бөлімшесінде слесарь болып бастап, 1997 жылы Нұра кеңшарында асфальт-бетон зауытына слесарь болып тағайындалған.

2000 жылдан 2015 жылға дейін Жолмағамбетов Н.Р. «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының зертхана меңгерушісі, инженері, ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарды.

2015 жылдан 2024 жылға дейін – «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының меңгерушісі.

07.11.2024ж. қазіргі уақытқа дейін — «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, Тау-кен факультетінің деканы. 

Қосымша ақпарат 

2016 жылы Жолмағамбетов Н.Р. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды;

2023 жылы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді.

2024 жылы  Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Негізгі ғылыми бағыттары: еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі. 

Негізгі жарияланымдар: 

  • Жолмағамбетов Н.Р. Сумен қамтамасыз ету жүйелері. Оқу құралы.- 2009. ҚарМТУ баспасы, 77 бет. Қарағанды;
  • Жолмагамбетов Н.Р. «Аспирациялық жүйелердің тиімділігін жоғарылату әдістері». Монография.- 2019. ҚарМТУ баспасы, 116 бет. Қарағанды;
  • Аманжол І.А., Шарипов Н.Х. Жолмағамбетов Н.Р. Өндірістік санитария. Оқулық.-2015. ҚарМТУ баспасы, 232 бет. Қарағанды;
  • Достаева А.М., Жолмағамбетов Н.Р. «Металлургиядағы өндірістік қауіпсіздік ережелері», Оқулық, — 2022. Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қар ТУ баспасы. Қарағанды;
  • Жолмагамбетов Н., Медеубаев Н., Жолмагамбетов С., Достаева А., Омирбай Р., Саттарова Г., Сулейменов Н. «Reducing industrial noise by the use of damping alloys when manufacturing mining equipment parts» Heliyon, 2023.
  • Жолмагамбетов Н., Халикова Е., Демин В., Абдрашев Р., Суинтаева С., «Ensuring a safe geomechanical state of the rock mass surrounding the mine workings in the Karaganda coal basin, Kazakhstan» Mining of Mineral Deposits, 2023.
  • Аманжол И., Жолмагамбетов Н., Абитаев Д., Кушербаев С., Мереке А. «ASSESSMENT AND ANALYSIS OF OCCUPATIONAL RISKS IN UNDERGROUND MINING OF POLYMETALLIC ORES» International Journal of GEOMATE, 2023.
  • Макашев Б.К.,Медеубаев Н.А.,Жолмагамбетов Н.Р. «Воздухозаборник для вентиляции кабины транспортного средства» Патент РК №5440, 2020 г.
Без рубрики