Тәлімдік жұмыстар


Тау-кен факультетінің тәрбие жұмысы!

Жоғары оқу орындарында инженерлік кадрларды даярлаудың маңызды элементі – студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Студенттерді тәрбиелеудің мақсаты – жоғары кәсіби білімге ие болашақ маманның тұлғасын жан-жақты дамыту, оның мәдениеттілігін, интеллигенттілігін, әлеуметтік белсенділігін, азаматтық-патриоттық рухын қалыптастыру. Негізгі міндет – студенттердің белсенді өмір сүру жағдайларын жасау, олардың өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жүзеге асыруына, интеллектуалдық, мәдени және адамгершілік дамуына қажетті барлық талаптарды қанағаттандыру. Тәрбие жұмысының өзекті міндеттері:

  • Кәсіби қызметке қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
  • Студенттерде азаматтық көзқарас пен патриоттық сана, құқықтық және саяси мәдениет қалыптастыру;
  • Оқытушылар құрамында студенттерді өз дамуының субъектісі ретінде қабылдау көзқарасын қалыптастыру;
  • Адамгершілік қасиеттерді, интеллигенттілікті тәрбиелеу;
  • Студенттік өзін-өзі басқарудың әртүрлі формаларында ұжым басқару дағдыларын қалыптастыру;
  • Университеттің және институттың тарихи-мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту.

Жоғары оқу орнында оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру міндеттері:

  • Әрбір студенттің жеке дамуы мен өзін-өзі білім алуына жағдай жасау;
  • Студенттерде гуманистік дүниетаным қалыптастыру, жоғары адамгершілік, эстетикалық және физикалық мәдениетті тәрбиелеу;
  • Өз халқыңа, өз еліңе, өз қалаңа деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, біздің тарихымыз бен мәдениетімізге құрмет көрсету.

Геологиялық факультетте 100 академиялық топта 1983 студент оқиды. Тәрбие жұмысын әр топқа бекітілген кураторлар жүргізеді. Барлық топтарда әр семестрдің басында кураторлар жасаған жоспар бойынша кураторлық сағаттар өткізіледі, сондай-ақ Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде патриоттық тәрбие беру моделі негізінде жұмыстар жүргізіледі. Кураторлар студенттермен де жоспардан тыс жұмыстар жүргізеді, атап айтқанда құқық бұзушылықтар, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, темекі шегудің, алкоголизм мен наркоманияның зияны, ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтының пайдасы туралы әңгімелесулер өткізіледі, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Геологиялық факультетте студенттердің ата-аналарымен WhatsApp, Mail.ru электронды пошта арқылы белсенді жұмыс жүргізіледі. Студенттердің ата-аналары пошталық жәшіктер ашып, кураторлардан өз балаларының оқуына қатысты есептер алып, университеттің және институттың өмірі туралы толық ақпаратты алады. Сабақтан жүйелі түрде қалатын студенттермен және олардың ата-аналарымен телефон арқылы, жеке әңгімелер арқылы алдын алу жұмыстары жүргізіледі, кафедралар отырыстарына шақырылады, мұндай жағдайлар егжей-тегжейлі талқыланады, және осындай студенттерге тәртіптік жаза қолданылады. Әр ай сайын Геологиялық факультетте кураторлар кеңесінің отырысы өткізіледі, онда тәрбие жұмысының нәтижелері талқыланып, факультет топтарында жүргізілген тәрбие жұмысы бойынша есеп беріледі.

Қарағанды техникалық университетінің жатақханаларында тұратын студенттерге ерекше назар аударылады. Оқу үдерісінде және ата-аналарынан алыста тұрып, жатақханада тұратын студенттердің қиындықтарын зерттеу үшін ППС дежурлық қызметтерін жүргізеді. Геологиялық факультет студенттері Қарағанды техникалық университетінің «Жас Орда» студенттік кәсіподағының белсенді мүшелері болып табылады. Олардың күш-жігерімен факультет ішінде және университет көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.

Без рубрики