Оқу процесі


Тау-кен факультеттің оқу процесі

Тау-кен факультеттегі оқу процесі Болон процесі мен кредиттік технологияға негізделген.
Әрбір білім беру бағдарламасына сәйкес жұмыс оқу жоспарлары әзірленіп, осы жоспарлар негізінде сабақ кестесі мен емтихан сессияларының графигі жасалады. Оқу сабақтары білім беру бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, лекциялар, консультациялар, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі.

Академиялық күнтізбе күзгі және көктемгі семестрлердің, емтихан сессияларының және мерекелердің өткізілетін мерзімдерін қамтиды.

Факультет кафедраларының оқу-лабораториялық базасы ерекше, оқу процесінің сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Факультетте «Метан энергетикасы лабораториясы» атты ерекше зертхана жұмыс істейді.
Барлық кафедралар оқу процесінде заманауи құрал-жабдықтарды, инновациялық технологияларды және техникалық оқу құралдарын пайдаланады. Бұл студенттердің жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге деген ұмтылысын арттырады.
Өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау талаптары қатаң сақталады, зертханалардың паспорты мен ТБ инструктаж журналы талаптарға сай жүргізіледі.

Практика базаларына Корпоративті университеттің кәсіпорындары кіреді:

АО «Арселор Миттал Теміртау»; ТОО «Корпорация Казахмыс» АО ССГПО (Рудный қаласы), АО «Жайремский ГОК», АО «ШубаркольКомир», ТОО «Разрез Молодежный», ТОО НИЦ «ГеоМарк» және басқа да кәсіпорындар.

Без рубрики