ІШКІ ЕРЕЖЕЛЕР ТӘРТІБІ


 

42. Студенттің құқы бар:

—       Білім беру гранты және келісім-шарт негізінде білім алуға;

—   Мамандықтардың жалпы білім беру стандарттары бойынша білім алуға;

— Белгіленген мөлшерде студент ақысын (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар үшін) алуға;

—      Жеке траектория бойынша оқуға;

—   Өзінің талаптары мен қабілетіне тиісті білім және қосымша білім беретін қызметтерді алуға;

—      Оқу бағдарламасына сай альтернативті курстарды таңдауға;

—  Жоғары оқу орнында немесе сол елді жерде профессорлы-оқытушылық құрамның жеткілікті санына байланысты оқытушыны таңдауға;

— Заңмен белгіленген тәртіп бойынша бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына ауысу мен қайта алынуға;

—    Өз ойы мен пікірін еркін айтуға;

—   Бағаларының жариялауға;

—   Академиялық демалыс алуға (денсаулығы бойынша, сонымен қатар жүкті болу бойынша)

— Университет келісім-шартқа отырған оқу орындарымен, сонымен қатар басқа да жоғары оқу орындарында жеке пәндерді оқуға;

— Кітапхананың, институттың, кафедраның ғылыми-анықтамалық материалдарымен, компьютерлермен, зертханалық жабдықтармен пайдалануға;

— Студенттің  міндеттері мен құқықтары сонымен қатар, оқу үрдісі туралы ақпараты бар «Анықтама-жол басшылығымен» қамтамасыз етілуге;

—  Қоғамдық ұйымдар арқылы студенттік өмірдің және университеттің қызметі жөнінде маңызды сұрақтарды шешуде қатысуға;

—   Университет Жарлығы және тиісті ережелермен негізделген ғылыми-зерттеу жұмыстар мен басқа қызметтерде қатысуға;

— Ғылыми-техникалық мәселелерді, басылым қызметтерін шешуде қатысатын шаруашылық есептегіш ұйымдардың, кооперативтердің және ғылыми-техникалық шығармашылық жұмыстарда ұйымдастырушылармен бірігіп қатысуға;

— Медицианалық қызмет алуға және белгіленген студенттер үшін жеңілдіктер алуға;

— Оқуда озаттығы, ғылыми-зерттеуші және басқа да жұмыстарда қатысқаны үшін ақылы төлем алуға, алғыс алуға, грамотамен марапатталуға, ақылы премиялар алуға, құнды сыйлықтар алуға, сонымен қатар спорттық-шипали лагерьге тегін жолдама алуға (материалды сый ақы түрі директорат пен кафедраның ұсынысы бойынша);

—    Университеттің жатақханасында жатуға;

— Профильдік кафедралардың ұсынысы бойынша үлгерімі жақсы студенттер оқытудың жеке графигіне ауысуына.

43. Студент міндетті:

—      Университет ішінде ҚарМТУ ішкі ережелер тәртібіне бағынуға;

—  Өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін жаттап қатаң сақтауға;

—      Оқу жоспар талаптарын орындауға;

—    Университет ректорының, директордың, куратордың, старостаның тапсырмаларын орындауға;

—  Таңдаған мамандықтың теориялық білімдерін және тәжірибелік қабілеттерін меңгеруге;

—     Екінші курс соңында ойдағыдай АМБ (аралық мемлекеттік бақылау) (ПГК) өтуге;

—        Қорытынды мемелекетік аттестацияны өтуге;

—  Уақытысымен оқу пәндеріне жазылып директоратқа жеке оқу жоспарын тапсыруға;

—     Оқу пәндері бойынша СӨЖ орындауға;

—  Күн сауйын сабаққа қатусаға, сырқаттану бойынша қатыспаған жағдайда директораты ескертуге, сонында факультет директорына ауырғандығы жөнінде 3 күнен асырмай анықтама қағазын алып келуге;

— Оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мүлікке ұқыпты болуға, курсстастарымен  оқытушылармен жақсы қатынаста болуға;

—  Сабақ үстінде ұялы телефондарды сөндіруге;

—  Сырқатту бойынша сабақта жоқ болған жағдайда директорат немесе кураторға хабарлауға;

—  Жалы  қоғамдық жерлерде жалпы ережелерді , этикалық нормаларды сақтауға.

44. Университетте пропус жүйесі бар. Университеттің корпустарына кіру ұшін міндетті түрде студенттік билет (сынақ кітапшасы) қажет.

45. Оқу пәндерін, университет және студенттік жатақхананың ішкі ережелер тәртібін бұзған жағдайда, сонымен қатар, 43п. көрсетілген студент міндеттерін орындамаған жағдайда студентерге төмендегі тәртіптік жазалаулардың түрлері қолдану мүмкін:

— ескерту;

— выговор;

— университеттен шығару.

47. Ескерту, выговор, университеттен шығару шаралары қолданған жағдайда,  ақталу бойыншы ұсынылған медициналық анықтамалар осы қолданылған шаралардың жойылу үшін негіздемен болып табылмайды.

48. Студенттер тәртіпті және мұнтаздай (университет корпустарында дене шынықтаруға киетін киімдермен кіруге қатаң рұқсат етілмейді, тек спорткешенінде ғана рұқсат етіледі) болу керек, жеке ұнатулар сезімдері пайда болғанда ұстамды болу және көшеде жалпы қоғамдық жерлерде ашық жария етуге болмайды.

IX. ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ІШІНДЕГЕ ТӘРТІП

48. Оқу бөлмелеріндегі жабдықталу (дұрыс жиғаз, оқу жабдықтары, қалыпты температураның сақталуы, жарықтандыру және т.б.) бойынша әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор жауапты.

Зертханалық кабинеттердегі жабдықтардың күйіне және сақталуына, ішіндегі заттарға, сабаққа қатысты оқу құралдарына зертхана меңгерушісі, инженерлер және лаборанттар жауапты.

49. Оқу орынындарында тыйым салынады:

—    Сыртқы киіммен, бас киіммен және спортқа киетін киіммен жүруге;

—    Сабақ кезінде коридорда жүруге, жүгіруге, қатты сөйлеуге;

—   Темекі тартуға.

50. Университеттің ректораты оқу орнының қауіпсіздігін жабдықтармен басқа да мүліктерді сақтауға, сонымен қатар, оқу және тұрмыстық бөлмелерде қажетті тәртіпті сақтауға міндетті.

Ғимараттың, мүмліктің қорғанысы және оның санитарлы күйі мен өртке қарсы жауапкершілігі ректордың бұйрығымен әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерінің арнайы адамдарына жүктеледі.

Университеттің корпустарына кіру тек рұқсаттамамен жүзеге асады.

51. Университеттің ректоры қызметкерлер мен студенттер үшін арнайы қабылдау уақытысын белгілейді.

52. Оқу ғимараттары бөлмелерінің, аудиториялардың, сонымен қатар зертханалар мен кабинеттердің кілттері кезекші күзетшіде болу керек және әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөнінді проректоры мен бекітілген тізім бойынша беріледі.

Без рубрики