Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы оқытушыларының құрамы


02 Қалыбекова Қалқамас Сағындықовна — кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

1994 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. Халықаралық Ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі. Жарияланған 40-тан астам еңбектің, оның ішінде  монографияның, оқу құралдарының авторы. ҚР БжәнеҒМ алғыс хатымен, ҚарМТУ-дың құрмет грамотасымен, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту бойынша Басқарманың алғыс хатымен марапатталған.

03Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы —  филология ғылымдарының кандидаты, доцент      

1997 ж. О.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетін бітірді.  2001 жылдан бастап ҚарМТУ-да қызмет атқарады. 2005-2008 жылдар аралығында қазақ тілі және әдебиеті кафедрасын басқарды. 30 астам жарияланған жұмыстары бар, соның ішінде монографиялар мен оқу құралдары. Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатымен өткізілген шараларға белсенді қатысып, қазақ патриотизмін және ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға тигізген үлесі үшін Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

03Нығметова Нұргүл Тұрсынқызы — филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.    

 1992 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітірді. ҚарМТУ-да 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.Бірнеше ғылыми мақалалар жариялады, оқу құралдарының, электронды оқулықтардың, әдістемелік нұсқаулықтардың авторы. Университеттің тіл саясаты жөніндегі Комитетінің мүшесі. Ректораттан, Қарағанды әкімшілігінен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасынан алғыс хаттары бар. Н.Т. Нығметованың жетекшілігімен бірнеше студент қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

03Әубәкіров Нұрлыбек Маманұлы — Ш. Құдайбердиев атындағы «Тілдердің үштұғырлығы»  Орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты       

1995 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді.  2001 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша «Болашақ» Қарағанды актуалды білім беру институтын тәмамдады. «Қазақ тілі» практикалық курстарын жүргізеді. 30 астам жарияланған жұмыстары бар, соның ішінде монографиялар мен оқу құралдары. Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатымен өткізілген шараларға белсенді қатысып, қазақ патриотизмін және ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға тигізген үлесі үшін Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

03Жетпісбай Шолпан Ақанқызы — аға оқытушы

1984 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-інің  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірді. 1989 жылдан бастап ҚарМТУ-да жұмыс істейді. Жол-көлік факультеті деканының орынбасары қызметін көп жылдар бойы атқарды.2 оқулық, 14 оқу-әдістемелік құралын, 2 электронды кітап, 8 электронды оқыту құралын, 19 ғылыми мақаласы жарияланды.ЖКИ СМЖ бойынша жауапты және 1-курс кураторы.ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен, сонымен қатар университетіміздің 60 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапаталған.

03Хасен Мұрат Әбдрахманұлы — аға оқытушы

1985 жылы Е. А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «филолог- оқытушы» мамандығы бойынша бітірді.1989 жылдан ҚарМТУ –да қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, 1993-1996 ж. кафедра меңгерушісі, 2008 – 2009 оқу жылында Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының жетекшісі қызметтерін атқарды.4 оқу құралының, оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың, электронды оқыту-құралдарының, 30 — дан астам ғылыми мақалалардың авторы. ҚарМТУ – Құрмет грамотасы, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы –алғыс хаттарымен марапатталған.

03Байпелова Гүлмира Сағынтайқызы — аға оқытушы

1992 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Екі оқу құралының, электронды оқулықтардың, оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың, электронды оқыту-құралдарының, бірқатар ғылыми мақалалардың авторы. Мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталған.

 03Шабденова Кұралай Жанжоловна — педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

1994 жылы Е. А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «филолог- оқытушы» мамандығы бойынша бітірді.Педагогика ғылымдарының кандидаты.1996  жылдан ҚарМТУ –да қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, 2004-2005 ж. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.  3 оқу құралының, 20 – дан астам мақалалар мен еңбектердің 5 электронды оқу құралының авторы.ҚарМТУ мен Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мадақтауы мен құрмет грамотасының иегері.

 03Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы — педагогика ғылымдарының магистрі,аға оқытушы1994 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ филологиялық факультетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді.  1995 жылдан бастап ҚарМТУ-дың қазақ тілі және әдебиеті кафедрасында оқытушы қызметін атқарады. 40 астам ғылыми мақала мен оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы.
                         Тусіпбекова Эльмира Құрманбаевна — педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы03Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің  «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын 1995 жылы үздік бітірді. ҚарМТУ-да 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. 3 әдістемелік құралдың, 2 электронды оқулықтың, 6 оқу-әдістемелік нұсқаудың авторы. 30-дан астам ғылыми мақала жариялады. ҚарМТУ мен Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мадақтауы мен құрмет грамотасының иегері.
03Иманбаева Света Бақытовна — педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы      

1998 жылы Л.Н.Гумилеваатындағы Евразия ұлттық  университетін «қазақ тілі және әдебиеті «мамандығы бойынша бітірді. 1 әдістемелік құралдың, 2 электронды оқулықтың, 3 оқу-әдістемелік нұсқаудың авторы. 30-дан астам ғылыми мақала жариялады.

 03Сағатова Гүлмира Қанатқызы — педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 2003 жылы «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей университетін бітірді. Педагогика ғылымының магистрі. Практикалық қазақ тілі пәнінен сабақ береді. 30-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы. Мақтау қағаздары және Алғыс хаттармен марапатталған.

0247Кинбаева Асылгүл Бекейқызы — о
қытушы

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірді. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында «Қазақ тілі» және «Кәсіби қазақ тілі» пәндерінен сабақ береді. 30 астам ғылыми және оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Еңбектері үшін Ректорат, Қарағанды облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Қарағанды облысы  ғылым және білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті тарапынан марапатталған.

 03Нұржанова Қарлығаш Қанағатовна — педагогика ғылымдарының магистрі ,аға оқытушы     

 2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. Педагогика ғылымдарының магистрі.  Жарияланған 35-тен астам еңбектің, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралының, 6 электрондық оқулықтың, 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы. ҚарМТУ-дың құрмет грамотасымен, алғыс хатымен, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту бойынша Басқарманың алғыс хатымен марапатталған.

03Кельдиярова Бақытгуль Ақылбеккызы — педагогика ғылымдарының магистрі,оқытушы

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірді. 1 әдістемелік құралдың,  2 оқу-әдістемелік нұсқаудың авторы. 30-дан астам ғылыми мақала жариялады.

111Кулейменова Ләйла Мәдениетқызы —  педагогика ғылымдарының магистрі,оқытушы2001 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің,  қазақ тілі және   әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылдан ҚарМТУ-дың қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады. 2013 жылы 6М011700  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтар жүргізеді. 18 ғылыми мақала, 3 әдістемелік нұсқау, 2 электронды оқу құралы, 2 видеолекция, 5 слайд-лекциялардың авторы.
_DSC2987Оспанғалиева Меңдігүл Төлеутайқызы — педагогика ғылымдарының магистрі,оқытушы

2004 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірді. 2011 жылы «КГТИ – Лингва» Орталық Қазақстан Университетінің магистратура бөліміне түсіп, 2013 жылы 6М 011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. 2000-2007 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасында аға лаборант қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап осы аталған кафедрада қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтар жүргізеді. 4 электрондық оқулық, 8 слайд лекция, 3 видеолекция, 1 презентация, 2 әдістемелік оқу құралының авторы. Халықаралық, республикалық, ғылыми-практикалық конференцияларға жазған бірнеше мақалалары бар.

1234Смағұлова Нұрбибі Абсадыққызы — оқытушы

1990 жылы «Филология» мамандығы бойынша Жезқазған педагогикалық институтын, 2002 жылы А.О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік дипломмен бітірді. 10 ғылыми мақаланың, 2 оқу құралының авторы. 2009 жылы республикалық деңгейде «Үздік оқытушы» Құрмет грамотасымен марапатталды.Бірнеше мәрте ҚарМТУ ректорының, Технологиялық колледж директорының алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.2010 жылы «Үздік топ жетекшісі» Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

C360_2014-04-29-09-48-12-853Ерғазы АқмаралИнженер
01Зупиянова Сая ТолегеновнаАға лаборант

 

Без рубрики