Халықаралық қатынас


Машина жасау факультеті

Халықаралық ынтымақтастық

ТЖМ жәнеС кафедрасы ғылыми жобаларды орындау аясында:

— Познань технологиялық университеті (Познань қ., Польша) «Әртүрлі сипаттағы тұтқыр сұйықтықтарды айдауға қабілетті гидравликалық жүйелер үшін беріліс сорғысының әмбебап прототипін жасау» жобасы бойынша (2023-2025 ж.)

— Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Гродно қ., Беларусь) «Құм-полимерлі композициялық материалдардың құрамын әзірлеу және оларды машина жасау мақсатындағы бұйымдарға қайта өңдеуді технологиялық қамтамасыз ету» (2023-2025 ж.)

«Машина жасау» мамандығы бойынша PhD докторантурасының білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мәскеу болат және қорытпалар институтымен (Мәскеу қ., Ресей), Санкт-Петербург политехникалық университетімен (Санкт-Петербург қ., Ресей), Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетімен (Вильнюс қ., Литва) ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар докторанттар ғылыми тағылымдамадан өтіп, ғылыми эксперименттер жүргізеді.

Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінде «Машина жасау» ББ докторанттарының тағылымдамасы

Жыл сайын «ТЖМ және С» кафедрасының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына дәріс оқуға шетелдік ғалымдар шақырылады:

— PhD, қауымдастырылған профессор Sravanthi Sashikumar (Манчестер қ., Ұлыбритания) — Манчестер Метрополитен университеті;

— PhD, қауымдастырылған профессор Lukasz Wargula және Lukasz Gierz (Познань қ., Польша) — Познань технологиялық университеті;

— PhD, қауымдастырылған профессор Khairur Rijal Jamaludin (Куала-Лумпур қ., Малайзия) — Малайзия технологиялық университеті;

— PhD, қауымдастырылған профессор Agota Horvathne Dr. Dregelyi Kiss (Будапешт қ., Мажарстан) — Обуда университеті.

Кафедра оқытушылары Erasmus бағдарламасы бойынша дәріс оқуға қатысады.

«ТЖМ және С» кафедрасының профессоры, т. ғ. к. Познань технологиялық университетіндегі Erasmus бағдарламасына қатысуы
Без рубрики