«Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы
ДЖАЛМАГАМБЕТОВА СВЕТЛАНА ЖАКИЯНОВНА
Ақмола обылысынан Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының Депутаты 1948 жылы 19 сәуірде туылған., қазақ. Білімі жоғарғы. Қарағанды политехникалық институтын, СҮКП ОК бойынша қоғамдық ғылымдар Академиясын бітірген. Инженер-механик, қоғамдық ғылымдар оқытушысы. Ақмола обылысының әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасының Президенттігінде отбасы және гендерлік саясат істері бойынша Комиссия Мүшесі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекеттік-қатысушылардың Парламентаралық Ассамблеясының Мүшесі. Сенатпен Румынияның, Парламентпен Харватия Республикасының қызметтік тобының Мүшесі. «Құрмет», «Содружество» ТМД ПАА ордендерімен, бес медальмен марапатталды. |
|
ПИВЕНЬ ГЕННАДИЙ ГЕОРГИЕВИЧ
Г.Г. Пивень 1945 жылы 1 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Машинажасау технологиясы, металжону станоктар және кесу құралдары» мамандығын бітірді. 1967 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы институттың, кейін университеттің, ҒЗБ салалық зертханасының бас инженері, ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, 1994 жылдан Қарағанды Еңбек Қызыл Ту орденді политехникалық институтының ректоры, 1996 жылдан 2008 жылдың қаңтар айына дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры. Қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрметті ректоры. 1971 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бойынша, ал 1986 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бойынша диссертацияларды қорғады. ҚР Табиғи ғылымдарының Академиясының академигі, ҚР инженерлік Академиясының академигі, Жоғары мектептің Халықаралық ғылыми академиясының академигі, ақпараттандыру жөніндегі Халықаралық ғылыми академиясының академигі. Г.Г. Пивень ҚР Үкіметінің қарауындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының мүшесі, техника және ғылым саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтарды ұсыну жөніндегі комиссиясының мүшесі. Қазіргі уақытта ҚР ҒЗА Қарағандыдағы бөлімінің төрағасы, «Университет еңбектері» және «Автоматика және Информатика» журналдарының бас редакторы. 4 кітап, 8 монография, 250-ден астам ғылыми жұмыстары оның ішінде 62 жұмысқа авторлық құжаттар және патенттер берілген, 3 жеке меншік құжаттарының иегері. Бірнеше ордендердің және медальдердің иегері:«Еңбек ардагері», «ҚР білім берудің үздігі», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Қарулар күшіне 10 жыл», «ҚР білім берудің құрметті қызметкері», А.Байтұрсынов атындағы медальмен, мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды. |