Қызметкерлер


Түйіндеме

Шеров Карибек Тагаевич кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Түйіндеме

350 аса баспаға шығарылған ғылыми жұмыстардың авторы, соның ішінде 8 — Thomson Reuters базасындағы рейтингі жоғары халықаралық журналдарда, 27 — ҚР инновациялық патенттері, 16 – зияткерлік меншік куәліктері, 24 электрондық оқыту құралдары. 2011 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды. 2013 жылы «Шапағат 2013» республикалық өнертапқыштар саласындағы жетістіктер сайысының дипломанты болды. 2014 жылдағы ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері.

Жетесова Гульнара Сантаевна техника ғылымдарының докторы, профессор

300 аса баспаға шығарылған ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы, соның ішінде 5 монография, 84 оқу құралы және 8 электрондық оқулықтарға зияткерлік жеке меншігін тіркеу куәлігі. «Машина жасау» және «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураның төрт буынының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын және 30 артық типтік оқу бағдарламаларын жасаушы. ҚарМТУ СМЖ құжаттамаларының ішкі аудиторы және нормалық бақылаушысы. 15 артық жоғарғы оқу орындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйелерін жасаушы. ҚР БҒМ механика және машина жасау бойынша Сараптық кеңесінің мүшесі. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2006, 2012 жж.). «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.

Сихимбаев Муратбай Рыздикбаевич экономика ғылымдарының докторы, профессор

ҚПТИ түлегі. 150 аса мақалалардың авторы, соның ішінде Thomson Reuters базасындағы рейтингі жоғары халықаралық журналдарда, 5 монография, инновациялық патенттер, 45 артық оқу құралдары.
2010 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды.
Марапаттамалары мен құрмет грамоталары бар.

Ерахтина Ирина Ивановна техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

1991 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша ҚПТИ құрылыс факультетін бітірді. 104 басылымның, 20 оқу құралының, 20 электрондық оқыту құралдарының авторы, 5 зияткерлік жекеменшік куәлігінің иегері. Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының грамотасымен марапатталған. 2013 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды.

Мухамедьяров Дукат Закирович техника ғылымдарының кандидаты, доцент ҚарМТУ ғылым департаментінің директоры

ҚПТИ түлегі. 50 аса ғылыми және әдістемелік жұмыстардың авторы. 2003 жылы білім беру саласындағы жетістіктері, сіңірген еңбегі үшін ҚР білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, 2006 жылы – «Қазақстан Республикасы білім беруідің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Уалиев Дани Шайтмахметович техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі.
40 аса ғылыми басылымның және 5 оқу құралының, 5 электрондық оқыту құралдарының авторы, 3 ҚР инновациялық патенті бар.

Муравьев Олег Павлович техника ғылымдарының кандидаты, доцент

ҚПТИ түлегі. Институтты бітірген соң – ҚПТИ «Машина жасау технологиясы» кафедрасының ассистенті болды.
70 аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, 2 оқу құралының, 7 элеткрондық оқыту құралдарының, 12 типтік оқу бағдарламаларының авторы. Марапаттамалары мен құрмет грамоталары бар.

Ткачева Юлия Олеговна Доктор PhD по специальности «Машиностроение», Старший преподаватель

Выпускница КарГТУ по специальности «Технология машиностроения». Автор более 40 публикаций, 1 научного пособия и 4 методических указаний к лабораторным работам.

Бузауова Тоты Мейрбековна техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

1999 жылы «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша ҚарМТУ машина жасау факультетін бітірді.
100 аса ғылыми және 20 оқу әдістемелік жұмыстардың, 20 электрондық оқыту құралдарының авторы, 2 ҚР инновациялық патентінің, 2 зияткерлік жекеменшік куәлігінің иегері.

Жаркевич Ольга Михайловна техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

2004 жылы «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша ҚарМТУ машина жасау факультетін бітірді.
40 аса ғылыми басылымның және 15 оқу құралының, 5 электрондық оқыту құралдарының авторы, 1 электрондық оқулыққа зияткерлік жекеменшік куәлігінің иегері.
2009 жылы TOKYO BOEKI жапон фирмасының стипендиясының иегері болды. ҚР БҒМ «Үздік жас ғалым — 2010» республикалық конкурсының жеңімпазы.

Жукова Алла Валентиновна аға оқытушы

«Машина жасау технологиясы, металл кесу білдектері мен құралдары» мамандығы бойынща Павлодар индустриялық институтының түлегі.
20 ғылыми мақаланың, 5 оқу құралының, 2 электрондық оқулықтың авторы.

Зложинская Алла Валентиновна аға оқытушы

«Тау-кен машиналары мен кешендері» мамандығы бойынша ҚПТИ түлегі. 1 патенттің қосымша авторы болып табылады. 25 ғылыми басылымдардың, 8 оқу құралының, 6 электрондық оқулықтардың авторы.

Кузембаев Серик Бапаевич Доктор технических наук Доцент

В 1976 г. окончил с отличием механико-технологический факультет Карагандинского политехнического института. Кандидат (1987 г.), доктор (2007 г.) технических наук
С 1980 г. по 2010 г. и с 2014 г. работает в КарПТИ (ныне КарГТУ) на кафедрах «Машины, технология литейного производства и конструкционные материалы», «Черчение и начертательная геометрия», «Технология машиностроения». В 2010-2013 уч. г.г. работал профессором кафедры «Информационные технологии» ЧУ «КУ Болашак». Кузембаев С.Б. автор и соавтор 1 учебника, 3 монографий, более 150 научных и научно-методических работ, около 50 авторских свидетельств и патентов СССР, Казахстана и России.

Альжанов

Альжанов Марат Кайдарович кандидат технических наук Доцент

Закончил в 1976 году механико-технологический факультет Карагандинского политехнического института по специальности литейное производство черных и цветных металлов.
Трудовую деятельность начал сменным мастером плавильного отделения чугунолитейного цеха Павлодарского тракторного завода. Более 20 лет проработал в Химико-металлургическом институте им. Ж. Абишева на научной работе. Закончил очную аспирантуру и в 1988 году защитил диссертацию на соискание ученой степени кандидата технических наук в Московском институте стали и сплавов. В 2005 году получил ученое звание доцента металлургии. Является автором около 200 научных публикаций, учебников, учебных пособий, патентов. Стаж работы в системе высшего образования более 10 лет.

Жунусова Айман Шарапатовна аға оқытушы

«Машина жасау технологиясы, металл кесу білдектері мен құралдары» мамандығы бойынша ҚПТИ түлегі.
100 ғылыми басылымның және 25 оқу құралының, 20 электрондық оқыту құралдарының авторы, 7 зияткерлік жекеменшік куәлігінің иегері. 2 оқулықтың авторы болып табылады.

 

Бийжанов Серик Кажимович магистр, аға оқытушы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі. 2011 жылы стандарттау және сертификаттау бойынша магистр дәрежесін алды.
20 ғылыми басылымның және 7 оқу құралының, 20 электрондық оқыту құралдарының авторы, 3 электрондық оқулыққа зияткерлік жекеменшік куәлігінің иегері. 2 оқулық авторы. ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Үздік жас метролог — 2010» республикалық сайысының жүлдегері.

Юрченко Василий Викторович аға оқытушы

«Машина жасау технологиясы, металл кесу білдектері мен құралдары» мамандығы бойынша ҚарМТУ түлегі. 2001 жылы магистр дәрежесін алды.
33 ғылыми басылымның және 5 оқу құралының, 10 электрондық оқыту құралдарының авторы, 2 зияткерлік жекеменшік куәлігінің иегері.

Матешов Арман Кариевич аға оқытушы

«Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша ҚарМТУ түлегі. 2002 жылы «Құрылыс және жол машиналары» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды және 2014 жылы 6D050712 «Машина жасау» мамандығы бойынша PhD докторантурасын сәтті бітірді. 14 баспаға шығарылған ғылыми жұмысы, 15 электрондық оқулығы, 3 оқу құралы және 4 зияткерлік жекеменшік куәлігі бар.

 

Тида Ольга Владимировна аға оқытушы

1982 жылы ҚарМУ математика факультетін «Математика» («Есептеу математикасы») мамандығы бойынша бітірді. 1 патенттің қосымша авторы болып табылады. 35 ғылыми басылымдардың, 6 оқу құралының, 8 электрондық оқулықтардың авторы.

 

Имашева Кульжан Имашевна аға оқытушы

«Машина жасау» мамандығы бойынша ҚПТИ түлегі. 25 ғылыми басылымның және 15 оқу құралының, 1 монографияның авторы, 3 зияткерлік жекеменшік куәліні бар.
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Гейдан Ирина Анатольевна аға оқытушы

«Машина жасау технологиясы, металл кесу білдектері мен құралдары» мамандығы бойынща ҚПТИ түлегі.
28 ғылыми басылымның және 8 оқу құралының, 12 электрондық оқыту құралдарының авторы, 2 зияткерлік жекеменшік куәлігінің иегері.

Нуржанова Оксана Амангельдыевна аға оқытушы

«Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша ҚарМТУ түлегі. 2004-2006 жж. периоды аралығында «Материалтану» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті магистратурасында оқыды және оны 2006 жылы үздік бітірді. 12 басылымның, 4 электрондық оқулықтың авторы.

Карсакова Нургуль Жолаевна магистр, оқытушы

«Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша ҚарМТУ түлегі. 2011 жылы стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Оқу істері бойынша машина жасау факультетінің деканының орынбасары. 10 аса ғылыми басылымның және 1 монографияның, 5 электрондық оқыту құралдарының, 4 оқу құралының авторы, 1 зияткерлік жекеменшік куәлігінің иегері.

Жунуспеков Дархан Серикович магистр, оқытушы
«Машина жасау» мамандығы бойынша ҚарМТУ түлегі. 10 аса ғылыми басылымның және 3 әдістемелік нұсқаулықтың, 3 электрондық оқыту құралдарының авторы, 1 зияткерлік жекеменшік куәлігінің иегері.

Мусаев Медгат Муратович магистр, оқытушы
2011 жылы ҚарМТУ «Машина жасау» мамандығын бітірді. 2013 жылы «Машина жасау» мамандығы бойынша «Техника және технология магистрі» дәрежесін алды. 17 аса ғылыми басылымдардың, 3 электрондық оқулықтардың авторы. 6 Қазақстан Республикасының инновациялық патентінің иегері.

Без рубрики