6В06102 – Ақпараттық жүйелер мамандығының бакалаврының квалификациялық мінездемесі
6В06102 – Ақпараттық жүйелер мамандығының бакалавриаты түлегіне ақпараттық жүйелер бакалавры академиялық дәрежесі тағайындалады.
6В06102 – Ақпараттық жүйелер мамандығының бакалавриаты түлектері келесі қызмет орындарын баса алады:
— жоғарғы деңгейдегі квалификацияның категориясыз маманы;
— жоғарғы деңгейдегі квалификацияның екінші категориялы маманы;
— жоғарғы деңгейдегі квалификацияның бірінші категориялы маманы.
Қызмет ету салалары
Түлектердің қызмет ету салалары: ғылым, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару.
Кәсіби қызмет ету объектілері
Түлектердің кәсіби қызмет ету объектілері: ақпараттық жүйелерді өндіретін, енгізітін және пайдаланатын түрлі меншік еншісіндегі ұйымдар мен кәсіпорындар.
Кәсіби қызмет ету құралдары
Түлектердің кәсіби қызмет ету құралдары: ақпараттық жүйелерді математикалық, ақпараттық, бағдарламалық, лингвистикалық, техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету, оның ішінде: оларды жобалау, өндіру, енгізу, қолдау және пайдалану технологиялары.
Кәсіби қызмет түрлері
Ақпараттық жүйелер мамандығының бакалавриаты түлектері келесі қызмет түрлерін орындай алады:
— жобалық-құрастырушылық;
— өндірушілік-технологиялық;
— ұйымдастырушылық-басқарушылық;
— пайдаланушылық
Кәсіби қызмет міндеттері
Түлектердің кәсіби қызметінің негізгі міндеттері:
— жобалау;
— пайдалану;
— әкімшілдендіру;
— қолдау;
— тестілеу;
— бағдарламалық-аппараттық қорғаумен қамтамасыз ету.
Кәсіби қызметтің типтік тапсырмалары
6В06102 – Ақпараттық жүйелер мамандығының бакалавриаты түлектерінің кәсіби қызметінің типтік тапсырмалары:
— ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйе компоненттерін жобалау және құрастыру;
— ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын орнату, құрастыру және әкімшілдендіру;
— ақпараттық жүйелердің деректер қорын жобалау және әкімшілдендіру;
— ақпараттық жүйелер мен олардың элементтерін ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету.
Кәсіби қызмет бағыттары
Кәсіби қызмет бағыттары келесі:
— ақпараттық-іздеуші жүйелерді құру, енгізі және пайдалану;
— ақпараттық-басқарушы жүйелерді құру, енгізу және пайдалану;
— сарапшы жүйелерді құру, енгізу және пайдалану;
— ақпараттық-ұйымдастырушылықи жүйелерді құру, енгізу және пайдалану.