Біздің түлектер


«Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасы


Серіков Ерқанат Ерболатұлы, 05.09.1995 ж.т. АҚ «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінде» 13 разрядты бас металлург орынбасары қызметінде жұмыс жасайды.


Амантай Дәрмен Мұратұлы (Мет-13-1 тобы) 10.01.1996 ж.т. ӨА ҚҚМЗ Қарағанды құю машина зауыты ЖШС «Maker (Мэйкер)» газификациялау моделдері бойынша құю ауданында метал құюшы қызметінде жұмыс жасайды.


Жамелов Рахат Жамиулы (Мет-13-1 тобы) ӨА ҚҚМЗ Қарағанды құю машина зауыты ЖШС «Maker (Мэйкер)» газификациялау моделдері бойынша құю ауданында машиналы қалыптауда қалыптаушы қызметінде жұмыс жасайды.


Кызыкты Айбек Газизулы (Мв-12-2 тобы) «Senymdy Kurilis» ЖШС жабдықтар консервациясы бойынша техник-механик қызметінде жұмыс жасайды


 

Иванайский Алексей Васильевич
Қызметі: Т.ғ. д., Мәскеумемлекеттік ашық университетінің проректоры.
КПТИ-ын 1973ж. бітірді  (ЛП-68 тобы). Алматы өнеркәсіп және зерттеу ұйымдарында жұмыс істеді. Техника ғылымдарының докторы.


Сүлейменов Төлеубай Сқақович
Қызметі: Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының ректоры.
КПТИ-ын 1967 ж. бітірді (ЛП 62-2тобы), Н.Ә.Назарбаевтың группаласы. Қарағанды металлургиялық  комбинатында, партиялық және кеңестік органдарда жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының сыртқы істерінің бірінші министрі болды.

Поветин Анатолий Алексеевич
Қызметі: Теміртауэлектрлі-металлургиялық зауытының директоры.
КПТИ-ын 1975 ж. бітірді.
Ново-Қарағанды машинажасау зауытында мастер, құю цехының бастығы, бас инженер болып қызмет атқарды. 2016 жылы кафедра бакалавр дәрежесімен 5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 45 түлекті, 5В070900 – Металлургия мамандығы бойынша 98 түлекті  шығарды.

Барлық түлектер келесі кәсіпорындарға жұмысқа тұрды: Қазақмыс корпорациясының, Қарағанды құю зауыты, Балқаш қаласының түсті металдарды өңдеу зауыты, №1 машина жасау зауыты ЖШС, ААО «Соколов-сарбай тау кен-байыту өндірістік бірлестігі, Ж.Әбішев атындағы химия-металлургиялық институты, «Пархоменко атындағы зауыт» ЖШС.

Сонымен қоса, магистерлік диссертацияларды 6М071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 9 түлек, 6М070900 металлургия мамандығы бойынша 13 түлек сәтті қорғады.

 

Без рубрики