18 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Корпоративтік университет және өңірдің басқа да кәсіпорындарының өкілдерімен әріптестік сессия өтті. Онда серіктес кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайту және экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін және өңірдің орнықты даму міндеттерін ескере отырып, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын дамыту мәселелері талқыланды.
Басқарма мүшелері — Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Тимур Қанапьянов және аппарат басшысы, т.ғ.д. Аристотель Исағұлов қонақтарды құттықтап, олардың арасында креативті Индустриялар және тұрақты даму саласындағы сарапшы, ҚР Сенатының Талдау Мектебінің түлегі Ирина Харитонованы да осы кездесуге қатысқаны және күн тәртібіне қойылған мәселелерге қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдірді. Бұл ретте 2008 жылы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ негізінде құрылған инновациялық-білім беру консорциумының Корпоративтік университеттің бірегейлігі ерекше атап өтілді, оның қызметі білікті кадрларды даярлауға да, бүкіл Қарағанды өңірінің дамуына да елеулі үлес қосуда. Қазіргі уақытта оның құрамында 87 кәсіпорын мен ұйым бар.
Оның шын мәнінде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналатындығын дәлелдейтін, университеттің, оның техникалық және кадрлық әлеуеті туралы қысқаша таныстырылымнан кейін, Тимур Қанапьянов, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының басшысы – Лилия Сұлтанова мен Үздіксіз білім беру институтының басшысы Ғабдисағыт Әубәкіровке жол берді, олар тікелей өндірушілерге қатысты мәселелерге назар аударған. Атап айтқанда, ЖОО жанындағы магистратура мен докторантурада, оның ішінде өндірістен қол үзбей жаңа индустриялық докторантурада білім алуды жалғастыруға; кешенді тестілеу және тест тапсыру кезіндегі шекті балдар туралы және т.б.
Үздіксіз білім беру институты бойынша сессияға қатысушылар көптеген пайдалы ақпарат алды. Бүгінде оларға кәсіпорындар мен ұйымдардың қажеттіліктерін ескере отырып, университеттің жетекші оқытушылары әзірлеген 200-ден астам біліктілікті арттыру бағдарламалары ұсынылатынын айтсақ та жеткілікті.
Креативті Индустриялар және тұрақты даму саласындағы сарапшы, ҚР Сенатының Талдау Мектебінің түлегі Ирина Харитонованың сөзі ерекше қызығушылық тудырды.
Қазіргі, қарқынды дамып келе жатқан әлемде кәсіпорындарды дамыту саласындағы сын-қатерлер кешенді шешімдерді, ұзақ мерзімді трендтерді көруді және тұрғындармен, қызметкерлермен, коммерциялық емес ұйымдармен, бизнеспен және билік органдарымен ынтымақтастық орнату қабілетін талап етеді. Жаһандық деңгейде тұрақты дамудың мақсаты адамдардың әл ауқатын қамтамасыз ету және болашақ ұрпақ үшін планетаны сақтау болып табылады.
2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен тұрақты даму саласындағы 17 жаһандық мақсат (ТДМ) қабылданды, оның ішінде барлық нысандардағы кедейлікті жою, климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы шұғыл шаралар қабылдау және т.б., бірақ бұл міндеттерді шешуді жергілікті деңгейде бастауға болады. Мұны Ирина Владимировна еліміздің бір өңіріндегі табысты жұмысының мысалында көрсетті. Ол, ең алдымен, сын-қатерді, проблемаларды анықтап, сонан соң оларды шешуге кірісуге кеңес берді. Мақсат жай ғана оқыту мен түсіндіру емес, міндеттерді шешу және жүйелі шешімдер қабылдау.
— Бірақ бұл мәселелерде реалист болу керек, — деді ол. – Нақты міндеттер қойып, нақты шешімдерге қол жеткізу қажет.
Қатысушылардың белсенді пікір алмасуы барлық сөйленген сөздерге қызығушылықтың дәлелі болды. Аристотель Зейноллаұлы ТДМ-ге қатысты атап өткендей, өнеркәсіптегі пилоттық жобалар туралы да білген жақсы болар еді. Сонымен қатар, ТДМ белгілеген көптеген бағыттар бойынша бізде белгілі бір жұмыс жүргізілуде – бұл еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігіне, экологияға немесе инновацияларды енгізуге қатысты.
Жалпы, қатысушылардың бірауыздан пікірі бойынша өткен кездесу өте пайдалы және нәтижелі болды.