Saginov Technical University-ге «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ делегациясы келді


10 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында бизнесті әкімшілендіру жөніндегі бас директор — Басқарма мүшесі Рахматулла Аблазимов, HR депратаментінің директоры – Айдос Жұмабек, жер қойнауын пайдалану және байланыс департаменттерінің директоры  — Еран Қалмырза; «Алайғыр» БК» ЖШС директоры Қайрат Ордабаев болды.

Қонақтарды қарсы алған Басқарма мүшелері — Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков, Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Тимур Қанапьянов, Университеттің басқа да өкілдері оларды Қарағанды өңірі мен бүкіл республика үшін танылған кадрлар ұстасы болып табылатын университеттің ағымдағы қызметімен және жетістіктерімен таныстырды. ЖОО жұмыс істеп жатқан проблемалар және мамандарды даярлау сапасын арттыру, оның ішінде тау-кен өндіру саласы үшін шаралар туралы айтып берді.

Кездесу барысында қонақтар «Нанометаллургиялық процестер» зертханасымен жұмысшы кәсіптер орталығына, «Нанотехнология және металлургия» ғылыми-білім беру кешеніне барды.

Кездесу соңында тараптар ЖОО мен тау кен компаниясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту туралы меморандумға қол қойды.

Без рубрики