Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың жас ғалымдары «AMANAT» партиясынан алғыс хаттар алды


Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында осы кәсіби мерекеге орайластырылған салтанатты отырыс өтті.

Іс-шараға «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, партияның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұркен Қобжанов, Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, студенттері, аспиранттары мен докторанттары, сондай-ақ өңірдің жетекші университеттерінің басшылығы мен оқытушылары қатысты.

Қатысушылардың алдында «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова құттықтау сөз сөйледі. Ол аймақтың дамуындағы ғылымның ерекше рөлін атап өтті және жас ғалымдардың инновациялар мен прогрестің қозғаушы күші болатынына сенім білдірді.  «AMANAT» партиясының қатарын жас Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың жас ғалымдар толықтырып, партия билеттерін алды: Ғылым және инновациялар департаментінің директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Б. Сүлеев, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD, «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасы доцентінің м.а. А. Амангелдіқызы; PhD, «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасы доцентінің м.а. Мұхаммедрахым Рабатұлы.

Партияның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Б. Алтынбековтың алғыс хаттарымен аймақтың ғылымы мен білімін дамытуға қосқан үлесі үшін: PhD, қауымдастырылған профессор Б. Сүлеев; PhD, «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасы доцентінің м. а. А. Амангелдіқызы марапатталды.

Іс-шара аясында «AMANAT» партиясының Ақ залында инновациялық жетістіктер көрмесі өтті. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың ғалымдары осы көрмеге белсенді қатысып, өздерінің инновациялық әзірлемелерін ұсынды. Соның ішінде, alxfeysi жүйесінің композициялық керамикалық материалдарын аддитивті әдісті пайдалана отырып синтездеу технологиясын әзірлеу; себорея, себореялық дерматит сияқты аурулармен күресетін бетулин негізінде бас пен дененің проблемалы терісін күтуге арналған косметикалық құрал; десертті сүзбе өнімін өндіру және т.б. бар

Без рубрики