Инженерлік педагогика орталығы Бейіндік магистратураны бітірген тұлғаларға арналған педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы бойынша тыңдаушыларды оқуға қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасын меңгеру ғылыми, педагогикалық қызметке, сондай-ақ PhD докторантураға түсуге құқық береді.
Педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жыл сайын ақпаннан мамыр айына дейінгі аралыққа жоспарланады.
Бейінді магистратураны бітірген адамдарға арналған педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 36 — тармағына сәйкес іске асырылады (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.07.2022 ж. № 2 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Бұйрығына 2 — қосымша) және ол 30 академиялық кредитті құрайды.
Пәндер циклін және осы бағдарламаның қызмет түрлерін сәтті игерген кезде оқуды аяқтағаны туралы тиісті куәлік беріледі.
Оқу ақысын төлеу және шарт жасасу топтар құрылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бағдарлама туралы толығырақ Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Үздіксіз білім беру институтынан білуге болады, тел. 56-52-33 (ішкі. 1106, 1117), +7 700 391 43 00), ino@ktu.edu.kz;
Оқуға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
— оқуға тіркеу бланкі (құжаттарды тапсырған кезде толтырылады немесе e-mail-ге жіберіледі: ino@ktu.edu.kz;
— оқуға қабылдау туралы өтініш (құжаттарды тапсыру кезінде толтырылады);
— бейіндік магистратураларды аяқтау туралы үш тілдегі диплом және транскриптер (түпнұсқа және көшірмелер);
— жеке куәліктің көшірмесі;
— оқыту шарты;
— төлем туралы түбіртек;
— картон тез тігіндегіш.
- Өтінімді қабылдау үшін құжаттар электронды түрде жіберіледі.
- Оқу шарттарын ресімдеу үшін құжаттар баспа түрінде ұсынылады.