Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Смагулова Нурбиби Абсадыковнаның басшылығымен, студенттер мен белсенділердің және олардың ата-аналарының қолдауымен Жаңа жыл мерекесі қарсаныңда “Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету” орталығына барды.
Бұл мекемеде 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Балалар үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, оларды қуантатын тәттілер мен ойыншықтар таратылды.
Бала қуанса – әлем қуанады. Бүлдіршіндердің күлкісінен асқан бақыт жоқ. Бұл шараның негізгі мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау.
Колледж ұжымының атынан барша ат салысқан жандарға алғыс білдіреміз!