«Мансап Start» бос орындар жәрмеңкесі


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Мансап және кәсіби даму орталығының ұйымдастыруымен «Мансап Start» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шарада болашақ түлектер жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуларына мүмкіндік алды.

Жәрмеңкеге Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті инновациялық технологиялар колледжінің білім алушыларының болашақ түлектері қатысты. Атап айтсақ:

🚗Машина жасау технологиясы;

🚚Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;

🚊Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару;

💻Бағдарламалық қамтамасыз ету.

🟢Жәрмеңкенің мақсаты: Болашақ түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету.

Жәрмеңке білім алушылардың кәсіби тұрғыда өсуіне маңызды қадам жасауына себеп болып, олардың еңбек нарығында өз орнын табуына бағыт берді.

Без рубрики