КОРМПИ-11/24-1 тобында “Тау-кен өндірісінің негіздері” пәні бойынша “Карьерде қолданылатын көлік түрлері және олардың технологиялық сипаттамалары” тақырыбында ашық сабақ


2024 жылдың 14 қарашасы күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде 07240300- Пайдалы қазба кен орындарын ашық қазу мамандығының КОРМПИ-11/24-1 тобында “Тау-кен өндірісінің негіздері” пәні бойынша “Карьерде қолданылатын көлік түрлері және олардың технологиялық сипаттамалары” тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: Тау-кен өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мақсатында студенттерге тау жыныстарын тасымалдау процестері жайлы түсінік беру, карьерде қолданылатын көліктердің түрлері және олардың технологиялық сипаттамаларын түсіндіру.

Ашық сабақ бір жағынан бағдарламалық материалды саналы және берік игеруге, екінші жағынан оқушылардың шығармашылық белсенділігін, олардың тапқырлығын, қызығушылығын дамытуға және белгілі бір дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етті.

Ашық сабақтың нәтижелері бойынша жоспарланған жұмыстардың толық көлемі орындалды. Сабақтың мақсаты, білім және білік дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылды.

Без рубрики