«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің» КЕАҚ бюджеттен тыс қаражаты есебінен Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия жоғары оқу орындарында 2025-2026 оқу жылының күзгі семестрі кезеңінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университеттердің тізімі мен орындар саны:
№ | Университеттер | Орын саны |
1 | Вильнюс Техникалық Университеті
(Вильнюсс қ., Литва) |
1 |
2 | Краков Техникалық Университеті (Краков қ., Польша) | 1
|
3 | Малайзия Технологиялық Университеті (Джохор-Бару қ., Малайзия) | 1
|
4 | Обуда Университеті (Будапешт қ., Венгрия) | 3 |
5 | Острава Техникалық Университеті (г. Острава, Чехия) | 1 |
6 | Пекин Технологиялық Университеті (Пекин қ., Қытай) | 1 |
7 | Познань Техникалық Университеті (Познань қ., Польша) | 1 |
8 | Румыния-Америка университеті
(Бухарест қ., Румыния) |
1 |
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- гранттық және шарттық негізде білім алатын 2, 3 курс, 4 курс (деканаттың рұқсатымен) бакалавриат студенттері;
- B2 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу;
- ағымдағы GPA оқу үлгерімі — 3.0 және одан жоғары;
- мамандықтың максималды сәйкестігі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Паспорттың көшірмесі;
- Ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;
- IELTS, TOEFL сертификаты болған жағдайда, сертификат болмаған жағдайда шет тілін білуге тестілеу өткізіледі;
- студенттің көп балалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
- студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса);
- мотивациялық хат;
- ұсыныс хат (басшының қолымен. факультет деканы);
- бар болса: бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері.
Қабылдаушы университеттің талабы бойынша қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін!
Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балдары тең болған кезде артықшылығы болады:
- GPA баллы жоғары үміткерлер;
- Шет тілі бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер;
- жетімдер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
- бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар студенттер;
- көп балалы отбасылардан шыққан студенттер.
Мамандықтар тізімімен төмендегі университеттердің ресми сайттары арқылы танысуға болады:
№ | Университеттер | Ресми сайты |
1 | Вильнюс Техникалық Университеті
(Вильнюсс қ., Литва) |
https://vilniustech.lt/index.php?lang=2
|
2 | Краков Техникалық Университеті (Краков қ., Польша) | https://www.pk.edu.pl/index.php?option=com_content&view=article&id=65&Itemid=121&lang=en
|
3 | Малайзия Технологиялық Университеті (Джохор-Бару қ., Малайзия) | https://www.utm.my/
|
4 | Обуда Университеті (Будапешт қ., Венгрия) | https://uni-obuda.hu/en/
|
5 | Острава Техникалық Университеті (г. Острава, Чехия) | https://www.vsb.cz/en
|
6 | Пекин Технологиялық Университеті (Пекин қ., Қытай) | https://english.bit.edu.cn/
|
7 | Познань Техникалық Университеті (Познань қ., Польша) | https://put.poznan.pl/en
|
8 | Румыния-Америка университеті
(Бухарест қ., Румыния) |
https://www.rau.ro/?lang=en
|
Құжаттарды тапсыру, сондай-ақ толығырақ ақпарат алу үшін Халықаралық Ынтымақтастық Департаментіне (Бас ғимарат, 241 кабинет) келуді сұраймыз.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі — 2025 жылдың 17 наурызы!