27-28 ақпан күндері Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мектеп және колледж түлектері үшін ашық есік күндерін өткізді.
Бірінші күні шараға Қарағанды қаласының түлектері қатысса, келесі күні Қарағанды облысының басқа өңірлерінен келген түлектер жиналды. Оларға еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірінде білім алу және даму мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.
Ашық есік күні кәсіби бағыттар бойынша көрмемен басталды. Ол университеттің бас ғимаратының фойесінде ұйымдастырылды. Көрме арқылы түлектер университет және оның білім беру бағдарламалары туралы жалпы түсінік алды. Факультеттер мен кафедралар өз мүмкіндіктерін барынша көрсете білді: жұмыс істейтін модельдер, құрал-жабдықтар мен макеттерді пайдалана отырып, кез келген сұраққа жауап берді.
Ашық есік күнінің алғашқы күнін Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Т. Қанапиянов ашып, университет басшылығы атынан қатысушыларға алғыс білдірді.
– Бүгінгі таңда Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, – деді ол.
– Әлемдік рейтингте ТОП-851+ қатарына кіретін университет білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға барлық мүмкіндігі бар.
Ашық есік күнінің қонақтарын Қарағанды облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ж. Хамитов пен ҚарТУ маркетинг және PR департаментінің директоры А. Қасымжанова да жылы қарсы алды.
Екінші күні жиналған қонақтарды Басқарма мүшесі – әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А. Қалыков қарсы алды. Университеттің серіктес компанияларының өкілдері қатарында «KAZ Minerals» компаниясының өкілі, ҚарТУ түлегі Ж. Жұмашов та болды.
Екі күн бойы университеттің маркетинг және кәсіби бағдар беру бөлімінің жетекшісі Н. Айтбаев университеттің инфрақұрылымы, білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, шетелдік және отандық серіктестер, әскери кафедра, ҰБТ-ға дайындық курстары, қабылдау ережелері туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттердің мәдени және спорттық өмірі жайлы да әңгімеледі.
Шара барысында Басқарма басшысы — Ректор С. Сагинтаева атынан алғыс хаттар табысталып, “Jas Orda” жастар қауымдастығының белсенді студенттері ән айтып, флешмоб ұйымдастырып, қызықты ойындар өткізді. Бұл Ашық есік күніне ерекше мерекелік атмосфера сыйлады. Айта кету керек, Saginov жастары білімде де жоғары нәтижелер көрсетіп, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді.
Маркетинг және PR департаментінің, факультеттер мен кафедралардың үйлесімді жұмысының арқасында Ашық есік күні пайдалы ақпарат алуға, студенттік өмірмен танысуға, болашаққа бағыт-бағдар жасауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Абитуриент болғысы келетіндерге барлық қажетті ақпарат пен байланыс нөмірлері ұсынылды. Құрметті түлектер, таңдау өз қолдарыңызда! Saginov Technical University-ге қош келдіңіздер!