Ұйымдастырушысы PhD, «Қазақстан халқы және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Д.Г. Шорманбаева.
Форумның мақсаты — әртүрлі елдердің ғалымдары мен сарапшылары арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін танымал ету бойынша тәжірибе мен идеялар алмасу үшін платформа құру.
Форум бағытталған:
- Әртүрлі елдерде, әсіресе мәдени және этникалық әртүрлілік контекстінде этносаралық келісім мен бірлікті нығайтудағы жетістіктер мен сын-тегеуріндерді талқылау;
- Жаһандану жағдайында этникалық және мәдени топтар арасындағы қатынастарды жақсарту үшін стратегиялар мен практикалық ұсыныстар әзірлеу;
- Бейбітшілік пен тұрақтылық, орнықты даму, ЖИ және жаһандық сын-тегеуріндер сияқты өзекті әлемдік мәселелерді шешу үшін әртүрлі елдердің ғалымдары мен зерттеушілерін біріктіру арқылы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту;
- Ұзақ мерзімді бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылатын мәдениетаралық диалогты нығайту және халықтар арасындағы өзара түсіністікті ңығайту;
- Мәдени әртүрлілік пен этносаралық келісімді зерттеу мен құрметтеуде болашақ ұрпақты қолдау үшін ЖИ (жасанды интеллект) көмегімен бірлескен ғылыми және білім беру бастамаларын жасау.
Форум отырысы Қазақстан халқы Ассамблеясы — бірегей институт құрылғанына 30 жыл толуына арналған. «Біз әр түрліміз, бірақ біз теңбіз», «Әртүрліліктегі бірлік» «ҚХА және ӘГП» кафедрасының стратегиялық бағытын көрсететін принциптер: кафедраның барлық жылдар бойында болашақ мамандардың жоғары жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру өзгермейтін міндет болды.
Форумға қатысушылар алты елді ұсынады: Түркия, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстан, бұл талқыланатын тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді.
https://forumkstu.kz «Татулық пен бірлікке — 30 жыл» Халықаралық форум сайты