«THE WORLD OF LANGUAGES» VII ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ.


Үш тілде білім беру апталығы аясында «The world of languages» VII облыстық байқауы өтті.

Байқауға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университетінің Инновациялық Технологиялар колледжінің КЛОГ-9/24-1 тобының студенті Чияков Мирас қатыстты.

Жетекшісі: Шетел тілдер оқытушысы — Балхашбекқызы Жанел.

Шараны тілдер және әдебиеті кафедрасының оқытушылары Надирова А.А., Совет М.К., Рем В.В., Зейнетулла Г. Е., Мажитова А. Н., Азбаева С.Т., Бәкібай Т.Б. ұйымдастырды.

Байқауға облыс колледждерінен тілдік емес мамандықтардың 36 студенті қатысты.

Байқау үш кезеңде өткізілді:

— 1 кезең– Үш тілде тестілеу.

Қатысушылар үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын) тестілеуден өтті.

— 2 кезең — Тыңдалым тесті. Қатысушылар ағылшын тілінде аудиожазбаны тыңдап, үш тілде (орыс, қазақ, ағылшын) 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындады.

— 3-кезең – Викторина – «Үздік спикер» үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сұрақтардан тұрады. Тақырыптары: мерекелер, ұлы есімдер, көрікті жерлер;

 

 

Без рубрики