«Жас Орда» жастар қауымдастығы орталығы ашылды


13 ақпан күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Жас Орда» жастар қауымдастығы орталығының ашылу салтанаты өтті.

15 жылдық тарихы бар «Жас Орда» жастар қауымдастығының негізгі мақсаты студенттік өзін-өзі басқару қозғалысын қалыптастыру мен студенттерді қоғамдық іс-шараларға тарту арқылы академиялық ортада толыққанды тұлға ретінде тәрбиелеу, универсиет қабырғасында өтетін шығармашылық, қоғамдық, қайырымдылық іс-шараларға белсене қатысатын студенттер қатарын толықтырып, қызығушылықтарын арттыру. Бос уақыттарының сапалы әрі пайдалы өтуіне аталмыш Орталықтың септігі өте зор.

Ашылу салтанатында жылдар бойы қалыптасқан жастар қауымдастығының маңыздылығы мен Орталықтың құрылымының концепциясы түсіндірілді.

Орталықтың ашылуы — бұл университет басшылығының, оқытушылардың және әрине «Жас Орда» жастар қауымдастығының мүшелерінің бірлескен күш — жігерінің нәтижесі.

Басқарма төрағасы – Ректор Сагинтаева С.С. студенттерге құттықтау сөзін айтып, ілтипатын білдірді. Студенттер өз кезегінде, арнайы Орталықтың ашылуына алғыстары мен қолдауларына ризашылықтарын айтып жатты.

«Жас Орда» жастар қауымдастығы орталығы жаңа идеялар мен жобаларға бастама болатыны сөзсіз!

Без рубрики