Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2025


АЛДЫМЕН БЕТТІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАҒИДАСЫН МҰҚИЯТ ЗЕРДЕЛЕП ШЫҒЫҢЫЗ.

Shakhmardan Yessenov Foundation  әрқайсысы 70 000 тенгеден ай сайын 20 студенттік шәкіртақы төлеп отыруға конкурс жариялайды

Бағдарламаға қатысушылар: Қазақстандық университеттерде жаратылыстану ғылыми, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша 2-3 бакалавриат курстарында (медициналық жоғары оқу орындарына арналған 2-5 бакалавриат курсы) оқитын 18 жастан асқан студенттер, Қазақстан азаматтары.

Шәкіртақылар саны: 20

Ш. Есенов атындағы стипендия конкурсына қатысу үшін кандидаттар:

  1. Қордың сайтында онлайн-өтінім толтыруы қажет – yessenovfoundation.org
  2. Өтінімге қосымша:

Міндетті құжаттар:

  • Жеке куәлік сканері;
  • «Қазіргі әлемде кәсіпқой болу оңай ма? Бұған не кедергі және не ықпал етеді?» тақырыбында эссе жазу (Microsoft Word құжатында өңделетін);
  • Студенттің транскрипті (GPA орташа баллы 3,0-ден төмен емес).
  • 3,0 баллдан төмен өтінімдер қаралмайды;
  • Соттылығы жоқ/бар екендігі туралы анықтама.

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес*;
  • Әлеуметтік белсенділік және еріктілік үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес*;
  • Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес*;
  • Ғылыми жетекшінің/кафедра меңгерушісінің ұсынымы – 1 құжаттан көп емес*.
  • Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Үміткер өз жетістіктерін жақсы жағынан көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Өтінімдер 2025 жылғы 3 ақпаннан 4 наурызды қоса алғанда қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 04 наурызда сағат 15:00-де (GMT+5) аяқталады. Қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

 

Без рубрики