ҚР «Атамекен» ҰКП Қазақстандағы жоғары оқу орындарының рейтингісін таныстырды


ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздегі білім сапасының елеулі көрсеткіші болып табылатын Қазақстандағы жоғары оқу орындарының рейтингісін ұсынды. Рейтинг әртүрлі критерийлерді, соның ішінде мамандардың дайындық деңгейін, ғылыми жетістіктерді, инновациялық белсенділікті және студенттердің кері байланысын ескереді.

Рейтингті талдаудың маңызды критерийлерінің бірі оқу бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына жедел бейімдеуге мүмкіндік беретін университеттердің жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастығы болып табылады. Жетекші компаниялармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл студенттерге тәжірибенің көптеген түрлерінен және тәжірибелік сабақтардан өтуге мүмкіндік береді, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың 30 білім беру бағдарламасы рейтингке қатысып, сонын ішінде 26 білім беру бағдарламасы топ онға енді, бұл бағдарламалардың заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін және мамандарды дайындаудың жоғары деңгейін растайды.

1 орынды келесі білім беру бағдарламалары иеленді:

  • 6В07205 Пайдалы қазбаларды байыту;
  • 6В07303 Сандық аэрофототүсірілім.

2 орынды білім беру бағдарламалары иеленді:

  • 6В07201 Пайдалы қазбалар кен орындарының барлау мен геология;
  • 6В07204 Металлургия;
  • 6В07305 Құрылыс материалдары, бұйым және құрылма өндірісі;
  • 6В07109 Электр энергетикасы;
  • 6В07101 Автоматтандыру мен басқару;
  • 6В07106 Көлік, көлік техникасы мен технолоиялар.

3 орынды білім беру бағдарламалары иеленді:

  • 6В07103 Материалтану мен жаңа материалдардың технологиясы;
  • 6В07104 Машинажасау.

ТОП-5 келесі білім беру бағдарламаларын қамтыды:

  • 6В07202 Тау-кен ісі;
  • 6B11201 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау;
  • 6В07306 Көлік құрылысы;
  • 6В07501 Стандартизация және сертификация (сала бойынша);
  • 6В07111 Технологиялық машиналар мен жабдық (сала бойынша);
  • 6В11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;
  • 6В07304 Құрылыс;
  • 6B07301 Архитектура;
  • 6В06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.

ТОП-10 келесі білім беру бағдарламаларын қамтыды:

  • 6В06301 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері;
  • 6В07110 Органикалық заттардың химиялық технологиясы;
  • 6В07203 Мұнай-газ ісі;
  • 6В07302 Геодезия және картография;
  • 6В07108 Жылу энергетикасы;
  • 6В05101 Биотехнология;
  • 6В06104 Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету.

Мұндай жоғары нәтижелерге қол жеткізу университеттің білім сапасын арттыру, оқытудың инновациялық әдістерін енгізу және еліміздің жетекші жұмыс берушілерімен әріптестік қарым-қатынасты нығайту жөніндегі мақсатты жұмысының арқасында мүмкін болды.

Алдыңғы қатарлы компанияларда дуальді білім беру, тағылымдама және тәжірибе студенттерге практикалық тәжірибе жинақтап, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Без рубрики