Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мектеп түлектерін ЖОО ұсынатын дайындық курстарына шақырады.
Дайындық бағдарламасына ҰБТ пәндері кіреді, атап айтқанда: математика, физика, Қазақстан тарихы, информатика. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Дайындық курстары ақылы негізде жүзеге асырылады – айына бір пән үшін 8100 теңге, кем дегенде бір пән, сабақтар аптасына 2 рет болады.
Сабақтарды тәжірибелі, жоғары білікті оқытушылар жүргізеді.
Толығырақ ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: Қарағанды қ., Н.Назарбаев даңғылы, 56, 1-корпус, 210-бөлме.
Анықтама телефондары: 56-78-38, 8-700-395-65-09.