2024 жылдың 22 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы негізінде құрылған «Саналы ұрпақ» студенттік клубы және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі және Жастар саясаты департаментімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!» атты жастар студенттік акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сананы және студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын арттыру, сондай-ақ қоғамдағы жемқорлық мәселесіне назар аударту. Акцияға «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері болып табылатын 1-3 курс студенттері қатысты. Акция аясында студенттер брошюралар таратып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа заңнамасы бойынша викторина өткізіліп, сондай-ақ студенттердің қатысуымен флеш-моб биі көрсетілді.
Іс-шараны өткізуге және ұйымдастыруға ҚХА және ӘГП кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты: «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі оқытушы Қайырбек Меруерт Сәбитқызы, кафедраның аға оқытушылары . Сейдинова Мадина Абдрашитовна, Ивлева Евгения Николаевна, Сиводедова Анастасия Васильевна, Адылханова Самал Ерденовна, Толеуова Маржан Омирбековна, Шарипова Руфина Мнировна.