2024 жылдың 9 желтоқсанында, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында Абылкас Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінің кітапханасында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” атты тақырыптық кітап көрмесі өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Студенттер мен оқытушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адалдық, әділдік және қоғамдағы ашықтық мәселелеріне назар аудару.
Көрмені “Саналы ұрпақ” студенттік клубының мүшелері мен ҚХА және ӘГП кафедрасының оқытушылары тамашалады. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған әдебиеттермен танысып, азаматтық белсенділік пен этикалық құндылықтардың маңыздылығын талқылады.