Ташкент мемлекеттік көлік университетінің тарихында тұңғыш рет шетелдік ғалым, #SaginovTechnicalUniversity ғалымы докторанттың ғылыми жетекшісі атанды


Ташкент мемлекеттік көлік университетінің (ТМКУ, Өзбекстан) ғылыми кеңесінде 1 курс докторанты Парахат Нуруллаевқа ғылыми жетекші ретінде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының профессорының м.а., т.ғ.к. Оюм Балабаевты бекітті.

ТМКУ тарихында алғаш рет шетелдік университеттің өкілі ресми түрде шетелдік кеңесші емес, докторанттың ғылыми жетекшісі болып тағайындалды. Докторанттың диссертациялық тақырыбы теміржол көлігінде жүк тасымалдау технологиясын жетілдіруге бағытталған.

Бүгінгі таңда ТМКУ 150-ге жуық PhD докторанттаарына, 20000-нан астам магистрант мен студентке білім береді. Ташкент мемлекеттік көлік университетінің ғалымдары мен жас зерттеушілері Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғылыми жобалары мен әзірлемелеріне белсенді қатысады. Оның ішінде, атап айтсақ ҚР ҒЖБМ-нің гранттық қаржыландыру жобаларында (AP14869550 грантының шетелдік орындаушылары болып табылады); Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік бюджеттік жобаларында (шетелдік консультанттар болып табылады). Бірлескен зерттеулер негізінде 3 патент алынды, Скопус және СА базаларына кіретін жоғары рейтингті журналдарда 2 монография мен мақалалар жарияланды.

Бұл өзара тиімді ынтымақтастық табысты дамып, нығайып келеді.

Без рубрики