«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы кафедра меңгерушілерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
- «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі;
- «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының меңгерушісі.
Кафедра меңгерушісі лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- ЖОО-да немесе мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
- Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
- жоғары білімі, академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атақ беру туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын электрондық үзінді көшірме;
- біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген №075 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтамалар;
- адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- кафедраны дамытудың перспективалық жоспары (презентация — 5 слайдтан артық емес).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекен-жайға тапсыру қажет: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 250 каб., тел. 56-73-96, +77715558828.