8-10 қаңтар аралығында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың спорт кешенінде профессор-оқытушылар құрамы арасында «Сергектік және денсаулық» атты факультетаралық спартакиада өткізілді.
Жарыс спорттың екі түрі-шахмат және үстел теннисінен өтті.
Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Әдеттегідей, университеттің профессор-оқытушылар құрамы спартакиадаға белсенді қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша шахматтан «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы Андрей Рожков жеңімпаз атанды.
Екінші орынды «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Нұрлан Ошанов пен «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры Юрий Пак өзара бөлісті.
Үшінші орынды «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушысы Медет Мадияров иеленді.
Үстел теннисінен жарыста бірінші орынды «Өндірістік прорцесстерді автоматтандыру» кафедрасының PhD докторы Валерий Иванов иеленді. Екінші орынға «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының т.ғ.к. Александр Таранов лайықты деп танылса, үшінші орынды «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Ернұр Исабаев жеңіп алды.
Факультетаралық спартакиадаға белсенді қатысқаны үшін барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!