Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде білім беру қызметтерін көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде 2024 жылғы желтоқсанда ЖОО-ның бірінші курс студенттерімен мақсатты кездесулер өткізілді.
Іс-шараға университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бекболат Нүсіпбеков пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі бастамашы болды.
Кездесу барысында студенттерге білім беру рәсімдерінің қажетті теориялық және практикалық аспектілері, сондай-ақ Академиялық адалдық қағидаттарының квинтэссенциясы түсіндірілді. Сондай-ақ студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және осы құбылысқа нөлдік төзімділікті қалыптастыру бөлігінде ЖОО лауазымды адамдарының қабылдаған шаралары туралы айтылды. Кездесу еркін және ашық форматта өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.