15-17 желтоқсан аралығында төрт ірі қала – Санкт-Петербург, Новосибирск, Астана және Тбилисиде бағдарламалау бойынша Northern Eurasia Finals 2024 беделді жартылай финалы өтті, ол 300-ден астам үздік студенттік командаларды жинады. Бұл іс-шара әлемдегі ең танымал және күрделі бағдарламалау байқауларының бірі – ICPC (International Collegiate Programming Contest) халықаралық біріншілігіне қатысушыларды дайындаудағы маңызды кезең болды.
Жарысты өткізуге арналған алаңдардың бірі Astana ІТ University болды. Қазақстан елордасында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан 81 команда бақ сынасты. Қатысушылардың қатарында біздің университетіміздің STU 7 командасы, құрамында студенттеріміз Ілияс Мырзаш, Әлішер Мұсабеков (СИБ-23-13 тобы), Дәулет Рахметов (СИБ-23-12 тобы) болды.
STU 7 командасы үшін бұл байқауға қатысу олардың табысқа жету жолындағы маңызды кезең болды. Бұған дейін, 1/4 финалда біздің студенттер тамаша нәтиже көрсетіп, 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Қатаң бәсекелестік жағдайында олар білімнің жоғары деңгейін, командамен жұмыс істей білу және күрделі алгоритмдік есептерді шеше білу қабілеттерін көрсетті.
Конкурстық сынақтар үш күн бойы қатысушылардың дағдыларын тексеріп қана қоймай, студенттердің кәсіби өсуіне нақты серпін болды. Қатысушылар мұндай іс-шаралар бағдарламалау дағдыларын, аналитикалық ойлауды және стресс жағдайында жұмыс істеу қабілетін дамытудың маңызды құралы болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, олар тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің студенттерімен байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
Astana IT University-де іс-шараның ашылуына Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Astana IT University ректоры Асқар Хикметов, ICPC өңірлік директоры Бахыт Маткаримов, сондай-ақ спорттық бағдарламалау Федерациясының Бас серіктесі – Freedom Holding Corp және Huawei компаниясының өкілдері қатысты.
Студенттеріміздің жетістіктерін, олардың мақсатталпынымын мақтан тұтамыз. Мұндай ірі конкурстарға қатысу, әрине, жеке дамуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар біздің университеттің халықаралық аренадағы беделін нығайта түседі. STU 7 командасын алдағы уақытта бағдарламалау әлемінде жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз.