Университетіміздің делегациясы құрамында Басқарма мүшесі-Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор А. Мехтиев, кафедра меңгерушісі Е. Нешина және «Light Engineering LLP» ЖШС директоры Д. Каюмова 7-ші USCO Energy Conference-ке қатысты.
А. Мехтиев университеттің халықаралық аренадағы белсенді ұстанымдарына назар аудара отырып, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Өз сөзінде ол университеттің ғылым мен инновациядағы негізгі жетістіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру және әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен зерттеулер туралы айтты. ШЫҰ-ға қатысушы елдердің білім беру мекемелерімен стратегиялық әріптестікті нығайтуға ерекше назар аударылды.
Е. Нешина «Көміртегі бейтараптығы: Қазақстан Республикасындағы даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасап, конференцияға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық пен қызу талқылау тудырды.
Конференция Шанхай университеттік ынтымақтастық ұйымының (УШОС) құрамына кіретін Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың негізгі серіктестерінің бірі – North China Electric Power University базасында өтті. Бұл ынтымақтастық бірлескен ғылыми зерттеулерге, академиялық алмасуларға және жаһандық экологиялық бастамаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Іс-шара аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің (ШЫҰ) стратегиялық зерттеулер орталығымен «Қос көміртегі» стратегиясы бойынша Ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қою рәсімі өтті.