Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен «Қарағанды Промстройпроект институты» ЖШС білім беру және кәсіптік бағдарламаларды дамытуға бағытталған ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесу барысында тараптар бітіруші курс студенттері үшін бірлескен оқыту орталығын, сондай-ақ стартаптар үшін платформа құру туралы келісті.
Басқарма Төрағасы-Ректор Сауле Сагинтаева атап өткендей, университет тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін серіктестермен өзара іс-қимыл форматын өзгертуде. Ол теориялық білім беріп қана қоймай, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға да жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Университет серіктестерді оқу процесіне белсенді тартуға, сондай-ақ өнеркәсіптік сектордың тапсырысы бойынша ғылыми жобаларды іске асыруға мүдделі.
«Қарағанды Промстройпроект институты» ЖШС Бас директоры Санжар Рахметжанов жоба кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жұмыстары іске асырылатын оқу корпусын құруды көздейтінін атап өтті. «Біздің жоғары білім саласында бәсекеге түспек ойымыз жоқ, біздің мақсатымыз – кәсіби білім мен дағдыларды қамтамасыз ету», – деді ол. – «Біз жобалық құралдармен қамтамасыз етеміз, ал студенттер тәжірибеден өтіп, бірден кепілді жұмысқа орналасу арқылы жұмыс істей бастайды». Ол сондай-ақ әдістемелік материалдар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша университеттен көмек сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қарағанды Промстройпроект институты» Қазақстанның жетекші инжинирингтік компанияларының бірі болып табылады, ол 1959 жылдан бастап ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық объектілерді жобалауға және салуға қатысып келеді. Компания мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, инфрақұрылым және ғарыш салаларын қоса алғанда, әртүрлі салаларда жұмыс істейді.
Бұл ынтымақтастық студенттер мен мамандарды сапалы біліммен, практикалық дағдылармен және Қазақстан экономикасының ең серпінді дамып келе жатқан салаларының бірінде жұмысқа орналасу мүмкіншілігімен қамтамасыз ете отырып, жаңа мүмкіндіктер ашады.