Астана қаласында ересектер арасындағы джиу-джитсу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Турнир Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік спортшыларды жинады. Олардың арасында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері де болды: 77 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жігер Алматай (С-23-1) және 94 кг салмақ дәрежесінде – Асылмұрат Сағындық (АиУ-23-1).
Екі студентіміз де төрт жекпе-жек өткізді. Төртеуінде де олардың әрқайсысы айқын жеңістерге қол жеткізді. Осылайша, ел чемпиондары атағына ие болып, сонымен қатар Азия және Әлем чемпионаттарына қатысуға лицензия алды!
Спортшыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Әлемдік аренада өтетін жарыстарда табысқа жетулерін тілейміз!