Қазақстандық Жоғары оқу орындары декандарының альянсын құру туралы шешім қабылданды


Желтоқсанның бірінші онкүндігінде «Academic Leadership Institute: Deans School» академиялық көшбасшылық курсының соңғы модульдері бойынша оқыту өткізілді. Оқу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Назарбаев Университетінде өтті. ҚР ЖОО басшыларының, декандарының және кафедра меңгерушілерінің біліктілігін арттыру бойынша төрт айлық қарқынды бағдарлама дайындықтың әртүрлі бағыттары бойынша мектептерді немесе факультеттерді дамыту модельдерін әзірлеу бойынша топтық жобаларды қорғаумен аяқталды. Содан кейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Назарбаев Университетінің президенті, профессор Вакар Ахмадтың қатысуымен сертификаттарды табыстау бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Бағдарламаға қатысушылар арасында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі Дамира Жантасова да болды. Гуманитарлық ғылымдар тобында ол пәнаралық және халықаралық ынтымақтастықты қолдау бойынша зерттеулерді дамыту мәселесі жөнінде сөз сөйледі.

Бағдарлама қатысушыларының маңызды шешімі академиялық, ғылыми және әлеуметтік қызмет салаларында ҚР жоғары оқу орындарының әртүрлі деңгейлерінің көлденең ынтымақтастығымен республикалық деңгейдегі кәсіби-диалогтық тәуелсіз алаңды қалыптастыру мақсатында Қазақстан декандарының альянсын құру болды.

Без рубрики