Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ үшін өткен апта үлкен және шағын оқиғаларға толы болды. Ерекше маңыздыларының қатарына директоры Хон Джин Сонг бастаған Оңтүстік Кореяның Global Korea орталығы делегациясының сапарын жатқызуға болады.
Бұл сапардың негізгі мақсаты — білім, технология және ғылым саласындағы ұзақ мерзімді әріптестіктің негізгі бағыттарын талқылау. Кездесу барысында білім алушылардың академиялық алмасу және тағылымдама мәселелері; оқытушылардың біліктілігін арттыру; бизнес-жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері қаралды.
Бұған дейін Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор А.Мехтиев пен аппарат басшысы А. Исағұлов университет бойынша экскурсия өткізіп, қонақтарды университеттің заманауи жабдықтарымен, ғылыми зертханаларымен және инновациялық әзірлемелерімен таныстырды.
Global Korea Center инновациялық білім беру бастамаларын дамыту үшін Оңтүстік Корея университеттері мен халықаралық серіктестерді біріктіретін ауқымды бизнес-платформа болып табылады. Робототехника, дрон технологиялары, смарт-технологиялар және ақпараттық жүйелер сияқты перспективалық бағыттарға ерекше назар аударылады. Global Korea Center-мен ынтымақтастық табысты және өзара тиімді жобалардың негізін қамтамасыз ете отырып, біздің студенттер мен оқытушылар үшін кең мүмкіндіктер ашпақ.