Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға қатысты мәселелерді талқылау және шешу мақсатында студенттер үшін форум өткізу туралы шешім қабылдады.
Форумның мақсаты – қоғамның әл-ауқаты мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін сыбайлас жемқорлық төндіретін қауіп туралы білімі бар тұлғаны қалыптастыруға жәрдемдесу, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді жұмылдыру.
Жастар алдында әкімдіктің, прокуратураның, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, облыстың ардагерлер және басқа да ұйымдарының өкілдері сарапшылар ретінде сөз сөйледі. Олардың ішінде: Ботагоз Ахметова – Antikor ағарту пулының спикері, Қазақстанның педагогика ғылымдары академиясының мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу бойынша сертификатталған маман; Василий Олейник – Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ комплаенс-офицері, Кайрулла Қызыров – Әбілқас Сағынов атындағы рухани-адамгершілік тәрбие беру кеңесінің төрағасы; Мурат Кадеков – Қазыбек би атындағы ауданның ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары; Гульсара Керимжанова – Қазыбек би атындағы прокуратура бөлімінің прокуроры; Диас Сайдашев – Қарағанды қаласы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.
Форумда студенттерге сыбайлас жемқорлықты тану және сыбайлас жемқорлық жағдайларын анықтау кезіндегі іс-қимыл тақырыптары жайлы айтылды.
«Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлықтың не екенін түсіндіріп, осы залым құбылысқа теріс көзқарас қалыптастырады; құқықтық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды дамытады, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттырады», – деп атап өтті кездесуге қатысушылар.