«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (Жалғыз акционер) қабылдаған шешімі туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғам акцияларының 100% пакеті бар:
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 06.11.2024 жылғы №516 бұйрығымен:
- «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің мүшесі Дархан Адбумажитұлы Апиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Жамиля Нусипжановна Нурманбетова Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
- Жамиля Нусипжановна Нурманбетованың өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен аяқталатыны анықталды.