21-22 қарашада Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының қолдауымен ұйымдастырылған «Жас Сәтбаевшылар» атты Қазақстан жас ғалымдарының I Конгресі өтті. Бұл оқиға көрнекті ғалым және Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орайластырылды.
Конгресс еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам жас зерттеушілерді, соның ішінде шетелде табысқа жеткен қазақстандық ғалымдарды біріктірген нағыз ғылыми мереке болды. Қатысушылар өздерінің инновациялық әзірлемелерін ұсынып тәжірибелерімен бөлісті және отандық ғылым алдында тұрған сын-қатерлер мен перспективаларды талқылады.
Конгреске Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Г. Байдюсенов қатысты
Іс-шара Қазақстан жастарының жоғары ғылыми әлеуетін, олардың жаһандық мәселелерді шешуге өз үлесін қосуға дайындығын көрсетті. «Жас Сәтбаевшылар» – бұл білім алмасуға арналған платформа ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік ғылыми аренадағы орнын нығайтуға көмектесетін жаңа идеялар үшін құрылған бастапқы алаң.