«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ-да 8D07302 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Бек Айман Аскаркызының «Карьерлердің борттарын нығайту үшін түрлендірілген (модифицирленген) бетондардың құрамын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында орындалған.
Докторлық диссертацияны қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Саййидкосимов Саййиджаббор Саййидкосим угли– техника ғылымдарының докторы, Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан);
- Сартаев Даулет Турысович – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық білім беру корпорациясының Жалпы құрылыс факультетінің «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми кеңесшілер:
- Байджанов Джумагельды Омарович – техника ғылымдарының докторы, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының профессоры.
- Окк Джонг-Хо – философия докторы (PhD), Сеул ұлттық ғылым және технология университеті (Seoul National University of Science & Technology), (Сеул қ., Оңтүстік Корея).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Жалгасулы Нариман Жалгасович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Д.А. Қунаев атындағы Тау-кен ісі институты «Тау-кен өндірісінің экологиясы және қауіпсіздігі» бөлімінің меңгерушісі.
- Милетенко Наталья Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, Н.В. Мельников атындағы Ресей ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институтының аға ғылыми қызметкері (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
- Жумагулова Адия Аскаровна — техника ғылымдарының кандидаты, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиялары» кафедрасының доцентінің м. а.
Қорғау форматы аралас түрінде: 2024 жылдың 19 желтоқсан айында, сағат 15.00-де, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1 корпус, 521 аудиторияда, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ мекенжайы бойынша өткізіледі.
Диссертациялық кеңестің мекенжайы: 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1 корпус – 218 ауд.
Конференцияға сілтеме:
https://us05web.zoom.us/j/4240236743?pwd=N1cvaFpUaEhNRG9PU091ajlGUnZJZz09
Конференция идентификаторы: 424 023 67 43
Кіру коды: 1953
Диссертацияның мазмұны бойынша бейресми пікірлерді одан әрі қорғауға ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысына Рахимова Галия Мухамедиевнаға электрондық поштаға жіберу қажет
e-mail: g.rakhimova@kstu.kz
- Аңдатпа Бек А.А.
- Диссертация работа Бек А.А.
- Отзыв заруб.науч.консультанта Окк Джонг-Хо
- Отзыв отеч.науч. консультанта Байджанова Д.О.
- Список научных трудов Бек А.А.