Jilin University (Чанчон қ., ҚХР) шақыруымен 2024 жылғы 31 қазан мен 05 қараша аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Такибаева Алтынарай Темірбекқызы Шанхай қаласында өткен «THE 22nd CONFERENCE on International Exchange of professionals» тақырыбында Халықаралық форумның ашылуына қатысты.
Форумға әлемнің 200-ден астам жоғары оқу орындарынан 1500-ге жуық шетелдік мамандар және барлығы 2000 мыңнан астам қатысушы қатысты.
Конференцияда Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Shen Yiqin, Шанхай мэрі Wang Xiaoping, Нобель сыйлығының лауреаты Hartmut Michel және басқа да үкіметтік және жауапты тұлғалар сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасынан конференцияға «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ қатысқанын ерекше атап өткен жөн.
2024 жылғы 04 қарашада Jilin University-ге жұмыс сапары аясында А.Т. Такибаева «Белдеу және жол» бастамасын іске асыруға қызмет ететін «Ауыл шаруашылығының әл-ауқатын арттыру» ауыл шаруашылығы пәндері саласындағы академиялық алмасу жөніндегі Халықаралық конференцияда Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ атынан қатысты. Сондай-ақ А.Т. Такибаева ҒЗЖ нәтижелерімен және жетістіктерімен бөлісті. «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ПОҚ химиялық технологиялар және биотехнология саласындағы Scopus және WoS (квартиль Q1, Q2) халықаралық базасына кіретін жоғары рейтингтік журналдарда жарияланғанын атап өтті.
Сапар барысында білім беру саласындағы серіктестік (ынтымақтастық) қатынастар мен химиялық технологиялар және биотехнология бағыттары бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу белгіленді. Такибаева А.Т. Jilin University ақылды зертханаларына, кампусына және мұражайына барды.
Халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру жолында Jilin University делегациясы «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ПОҚ өткізетін химиялық технологиялар және биотехнология саласындағы халықаралық форумға қатысу үшін Қазақстан Республикасына келеді деп күтілуде.