Бұл курс білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлер үшін идеяны қалыптастырудан бастап MVP әзірлеуге, қаржылық жоспарлауға және нарыққа шығуға дейінгі стартапты құрудың негізгі кезеңдерін меңгерудің бірегей мүмкіндігі болып табылады. Курста сіз мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін анықтауды, құндылықты ұсыныс әзірлеуді, нарықты бағалауды және инвесторлармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренесіз. Бағдарлама сонымен қатар маркетингтің негізгі қағидаттарын және стартапты сәтті іске қосу үшін маңызды құқықтық аспектілерді қамтиды.
Курсты «Террикон алқабының» бизнес-бағдарламалар бөлімінің басшысы Салехова Диана жүргізеді.
Курс бағдарламасына дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері 11-25 қараша аралығында жүргізілетін 7 сабақ кіреді.
Өткізу уақыты: 16:00-ден 18:00-ге дейін.
Өтетін орны: 1 корпус, Business Skills Park.
Курстың соңында тестілеуден сәтті өткен қатысушылар арнайы сертификаттар алады.
Орындар саны шектеулі. стартап құру жолындағы алғашқы қадамды жасау үшін bit.ly/3YGSv4m сілтемесі немесе QR-код бойынша тіркеліңіз!
Барлық сұрақтар бойынша бас корпустың 209 кабинетіндегі Коммерцияландыру кеңсесіне хабарласыңыз.